Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында 179 өндірістік-тұрмыстық және табиғи өрт тіркелді.
Орын алған өрт оқиғалары кезінде 1 адам қаза тапты (2022 ж. – 2), тағы 1 адам жарақат алды.
Өрттің негізгі себептері балалардың отпен абайсыздығы - 5 жағдай, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзылуы, белгіленген тұрмыстық құрылғыларды пайдалану кезінде 6 жағдай (2022ж-8), қасақана от қою - 1 жағдай (2022ж-6), пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары бойынша - 6 жағдай (2021ж-10) тіркелді.
2023 жылы электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзумен байланысты 124 жағдай тіркелді, бұл өрттің жалпы санының 69% құрайды. Тұрғын үй секторында өткен жылмен салыстырғанда өрттің саны тұрақты, автокөлікте 4%-ға өскен. Өрттердің пайда болуының негізгі орындары тұрғын үй секторы болып қала береді - өрттердің жалпы санынан-99 (55% - ға), көлік құралдары -50 (27% - ды) құрап тұр. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жылыту маусымы алдында пештерді және түтін тарту жолдары жағдайының дұрыстығын тексеріп, ыстан тазалап, жарықтары болса, құм-саз сылағын жүргізіп, түтін мұржаларын әктегуге шақырады.
«Температураның төмендеуіне байланысты, электржылытқыш құрылғыларын қосу көбейе бастайды, тиісінше электр желісіне күш түседі. Сондықтан қауіпсіздік үшін барлық талаптарды сақтау қажет. Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды, қауіпсіздік ережелерін үнемі олардың естеріне салуларыңызды, төтенше жағдай орын алған кезде «101», «112» шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін жаттатуларыңызды сұраймыз!», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД техникалық нормалау тобының аға инженері Б. Қабақов
Ләззат ҚАРАЖАНОВА