Жақында әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірім өз құрдастарын соққыға жыққан видео пайда болды. Жанжалдың не себепті туындағаны белгісіз, бірақ қатыгездікпен ұрып-соққаны әлеуметтік желілерде наразылық тудырды.
Іспен полиция айналысты. Атырау облыстық ПД мәліметінше, «11 сәуірде Атырау қаласындағы колледждердің бірінің жатақханасының жанында 2007 жылы туған жасөспірімнің денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
2006 ж.т., 2007 ж.т. күдіктілер №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба