Атырау, 28 қараша 16:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Доссорда екі адам көмірқышқыл газынан көз жұмды

1 629 просмотра

22 қаңтар күні Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі екі қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен 1977 және 1976 жылы туған ер адамдардың денесі табылды. Олардың көмірқышқыл газына уланғаны анықталды.

Атырау облыстық ТЖД қайғылы оқиғаға табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережесінің бұзылуы себеп болғанын хабарлады.

Ал бүгін 24 қаңтарда таңертең Томарлы ауылы Есмұхамбетов көшесінде тұрғын үйлердің бірінде үш адамның көмірқышқыл газына уланып қалғаны туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем 46 жастағы ер адам мен әйелді және 13 жастағы жасөспірімді ауруханаға жеткізді. Олардың денсаулығына ауыр зиян келмеген, медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2023, 23:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.