Тас жолда жалған жүргізуші куәлігімен көлік басқарған шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Атырау полициясы.
Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 8 қазан күні қызмет атқару кезінде «Белсенді азаматтар 06» Telegram жұмыс чатынан республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы бойында басып озу ережесін өрескел бұзу дерегі бойынша келіп түскен Chevrolet автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру жұмыстары кезінде 1997 ж.т. шетел азаматының 2020 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 2021 жылы Өзбекстан Республикасынан жалған жүргізу куәлігін кері жасатып, көлік басқарғаны анықталды.
Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының азаматы қамауға алынып, тиісті іс-шаралар қабылдануда.