Атырау, 5 желтоқсан 08:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны іздестіріп жатыр

Сурет Бейнежазба
2 412 рет қаралды

5 қаңтар күні Жұмыскер маңындағы Жайық өзенінің үстінде екі ер азамат балық аулап тұрған сәтте мұз ойылып, суға түсіп кеткен. Дереу құтқарушыларды шақырған куәгерлердің арқасында біреуі құтқарылды. 

- Оқиға орнына бірінші болып Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторлары жетті. Олар 48 жастағы ер адамды жіппен тартып шығарып қалды. Мұздың жұқа болғаны сондай, ойық жерге жақындау қауіпті болған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, - деді ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда атыраулық полицейлер құтқару қызметімен бірге 47 жастағы екінші балықшыны іздестіруде. 

«Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 8 құтқарушысы, 2 техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді жолдаған ПД және ТЖД

5 қаңтар 2023, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.