Атырау, 5 желтоқсан 08:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауға ұшқан тікұшақ қатты екпінмен қонып, 4 адам қаза тапты

1 812 рет қаралды

Атырау – Орал – Атырау бағыты бойынша «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды шолған тікұшақтың қатты екпінмен қонуы нәтижесінде төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, тікұшаққа Төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру тобы жетті. 4 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тікұшақтың екпінмен қонуы нәтижесінде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

23 ақпанда сағат 15:38-де Орал қаласынан 6 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында Атырау – Орал – Атырау бағыты бойынша «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды шолып жүрген ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қатты екпінмен қонған.

Бортта  5 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болғаны хабарланды.

23 ақпан 2023, 21:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.