Атырау, 27 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мас қожайын және "қатыгез бұзақы" ит

1 562 просмотра
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде полицейлердің қасында иті бар ер адамның тұрған видеосы пайда болды.  Полицейлердің бірі итті таяқпен қатты соғып, видео солай аяқталады. Ол жерде не болды? «АЖ» түсініктеме алу үшін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 24 маусымға қараған түні полицияға 24 жастағы қала тұрғыны Авангард-2 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің біріне кіре алмай тұрғаны жөнінде хабарлама берген. Сол жерге келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері азаматша мен 31 жастағы оның танысына белгісіз азаматтың тиісіп, стаффорд тұқымдас итін айтақтап, танысының қолын қауып алғанын анықтады. Кейін иттің иесі итті полиция қызметкерлеріне айтақтап, оқиға орнынан қашып кетуге оқталды.

«ҚР Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 61-бабының 6-тармағына («Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда жануарлардың шабуылынан қорғану үшін атыс қаруын және басқа да қаруды қолдануға құқығы бар») сәйкес, арнайы құралдарды қолдану арқылы ит залалсыздандырылды. Иесінің медициналық куәландыру нәтижесінде мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар, патрульдік полиция батальонының қызметкері ит шабуылынан бетінен жарақат алды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ит иесі заңды шара алу үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

24 маусым 2023, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.