15 шілде күні сағат 15:30 шамасында Атырауда Баймұханов көшесінде теміржол вокзалының маңында төрт көлік – екі жеңіл көлік (Toyota Camry және Hyundai Elantra) және «Daewoo» мен «Youtong» маркалы екі автобус соқтығысты. Салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai Elantra көлігінің тағы бір жолаушысы, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
- Өзге зардап шегушілерге жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті. Тергеу шаралары жүргізіліп, құжаттар жинақталып жатыр, - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет