19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52а үй тұсында 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды көлік құралы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жүргінші сол жерде көз жұмды.
Атырау ҚПБ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері іздестіру шарасы барысында Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін анықтады. 34 жастағы жүргізушінің көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.
Күдікті қамауға алынды, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен («Жүргізушінің адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы») және 347-бабымен («Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған суреттер