12 қыркүйекте сағат 20:50 шамасында Мақат ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Доссор селолық ауруханасынан белгісіз ер адам өлі адамды әкеліп тұрғандығы жөнінде хабарлама түсті.
Кейін белгісіз адамның 1994 ж.т. азамат екені анықталды. Доссор кентінде орналасқан газ жанармай бекеті тұсында оның 1 топ мүгедегі, 1964 ж.т. азаматты қағып кеткені анықталды.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған бейнежазба