Атырау, 28 қараша 15:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Заң бұзушылықтар мен оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
1 646 просмотра

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.

Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының 28, 21, 19, 18 және 17 жастағы тұрғындары. Олардың пәтерінен 1 келі 200 грамм (4 мыңға жуық доза) синтетикалық есірткі «Мефедрон» анықталып, тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3 бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

* * * * *

6 ақпанда Атырауда Ащысай көшесіндегі коттеджде өрт шықты. 15 минуттан кейін өрт сөндірушілер келіп, өрт оқшауланды. Тағы 9 минуттан кейін өрт сөндірілді. Ал қонақ бөлмеден 59 жастағы үй иесінің мәйіті табылды. Оның өлімінің себебін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

* * * * *

Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы әуежай тұрағында BАЗ-2114 көлігі түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын көрді. 25 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, оның мас күйде екені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы, 595-бабы және 608-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

* * * * *

Атырау облысында облыс көлемінде орналасқан қыстақтар туралы ақпараттарды жинақтау, заңсыз құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қыстақ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бір апта ішінде 1400-ге жуық қыстақ пен 600-ге жуық шаруа қожалықтары тексерілді.

- Исатай ауданында іздеуде жүрген азамат ұсталып, ҚР ҚК 107-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 3 заңсыз қару тәркіленіп, көші-қон заңнамасын бұзған 3 шетел азаматы анықталды. Сондай-ақ, Индер ауданында автокөлікті тексеру барысында 4 киік мүйізі, 50 кг киік еті тәркіленді, - дейді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Абзал Әліпқалиев.

* * * * *

Атырау облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 14 адам көз жұмды. Оның басты себептері - жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.

* * * * *

Патрульдік полиция қызметкерлеріне Ақтөбе-Астрахань тас жолының 495 шақырым тұсында ауа-райының қолайсыздығынан жолдан шығып кеткен жүк көлігінің қасында бейтаныс адамдардың жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында ВАЗ 2114 маркалы автокөлігінде отырған үш ер азамат ұсталды. Күдікті тұлғалардан жүк көлігінің арнайы құралдары мен кілті тәркіленді. Күдікті тұлғалар Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 ақпан 2023, 00:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.