Атырау, 26 маусым 17:59
 дождьВ Атырау +30.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Атырауда үйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды

Сурет
2 358 рет қаралды

Бүгін, 17 желтоқсанда таңғы сағат алты шамасында Жұлдыз мөлтек ауданының 21-көшесінде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болғаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын шағын тұрғын үйде газды-ауа қоспасының салдарынан жарылыс болғанын анықтады.

Өрт салдарынан 49 жастағы үй иесі мен оның 48 жастағы әйелі ауыр дәрежедегі (денесінің 90% -ы) күйік алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. 

- Өрт сағат 7-де сөндірілді, сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған суреттер

18 желтоқсан 2022, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.