18 наурыз күні облыстық маңыздағы Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз жолының 83-шақырымында 59 жастағы жүргізуші тізгіндеген УАЗ және 21 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан.
Жол-көлік апатынан кейін Ipsum өртке оранды. УАЗ жүргізушісі мен Ipsum жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы Индер аудандық ауруханасына жеткізілді.
Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
ПД жолдаған сурет пен бейнежазба