Атырау, 12 қазан 11:39
 дождьВ Атырау +11.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жүк көлігі тайғақ жолда екі жеңіл көлікті зақымдады

1 441 рет қаралды

14 ақпан күні сағат 11:20 шамасында Сатыбалдиев – Тұран көшелерінің қиылысында солға бұрылған кезде Урал-5557 самосвалы Hyundai Creta және ВАЗ-2114 көліктерімен соқтығысқан.

- «Орал» жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермеген, сондықтан оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы («Жүргізушінің көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зақым келтіріп, жол қозғалысы ережелерін бұзуы»)» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы ДП баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жол апаты жолдағы көктайғақ салдарынан орын алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 ақпан 2023, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.