16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды. Chevrolet Cobalt автокөлігі Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.
Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік ротасының командирі Әділбек Шахметовтің айтуынша, аталған екі көліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Нәтижесі осылай аяқталды.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған және ПД жолдаған суреттер мен бейнежазба