Атырау, 12 қазан 14:26
 дождьВ Атырау +21
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Құрманғазы ауданында жоғалған адамды іздестіру жұмыстары екінші тәулікте жалғасуда

1 970 рет қаралды

Екінші тәуліктен бері Құрманғазы ауданында жоғалған адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округінде  (Құрманғазы ауданы ТЖБ №7 өрт сөндіру бөлімінен 60 км қашықтықта) 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 1972 ж. т. азамат Т.А.-ны іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

Іздестіру жұмыстарына барлығы 25 адам мен 5 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ТЖД.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 қаңтар 2023, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.