Атырау, 24 желтоқсан 23:33
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Тергеу құпиясы

– Осы жылдың наурыз айында күйеуімнің жұмысында ұрлық болды. Киім шешінетін жердегі жәшікті бұзып, барлық бағалы деген заттарды: ұялы телефондарды (IMEI-коды бар), алтын бұйымдарды, құжаттар мен кәртішкелері бар қалта әмияны және басқа да заттарды ұрлап кеткен. Бастапқыда бұл істі тергеумен қалалық ІІБ айналысты, жауап, саусақ іздерін алды. Келесі айда іс аумақтық орналасуына байланысты Балықшыдағы полиция бөлімшесіне берілді. Содан бері  күйеуімді және оның әріптестерін ұрланған заттардың құнын шамамен анықтауға және ұрланғандығы туралы арыз жазуға тағы да екі рет шақыртты. Сонымен іс бітті. Істің қайтадан қаралып, тергеудің жүруі үшін не істеуге болады және жалпы тергеуге қанша уақыт беріледі немесе оны жай ғана жауып тастап, ашылмаған іс ретінде мұрағатқа тапсыра ма? 23 қараша 2011, 21:00 2 077 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жылжымалы топты күтуден шаршады

– Біздің ата-аналарымыз тыл ардагерлері. Жеке идентификациялық нөмір беруге байланысты жеке куәліктерді ауыстыру науқаны басталған кезде бізге әкімдіктен қоңырау шалып, қарт адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ екенін, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өздері үйге келіп алып кететіндігін айтқан еді. Жылдың аяқталуына екі айдан кем уақыт қалса да үйлерімізге ешкім келген жоқ. Қарттар болса  ЖИН болмағандықтан зейнетақыларын ала алмай қаламыз деп алаңдап отыр. Бәлкім, оларға күтудің керегі болмас, халыққа қызмет көрсету орталығына өздерінің барғаны жөн болар? 16 қараша 2011, 20:07 1 978 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бала мүддесі ескеріледі

– Азаматтық некеде дүниеге келген балам бар. Ол бұрынғы азаматтық некедегі зайыбымның фамилиясын алған еді. Қазір баламның әкесі оның тәрбиесіне еш қол ұшын бермейді: алимент те төлемейді, баласына да келмейді. Тіпті оны қайдан іздерімді де білмеймін. Ол әкелік парызын атқармағандықтан, баламның фамилиясын өз атыма ауыстырғым келеді. Бұл мүмкін бе? 9 қараша 2011, 19:13 2 308 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пәтер ақшасын мемлекет төлейді

- Менің балам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсті. Осы бағдарлама бойынша балама пәтер ақшасын беру керек екен. Ал сол пәтер ақшасын алу үшін біз қандай құжаттар тапсыруымыз тиіс? 27 қазан 2011, 17:55 2 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ешқандай бала жоғалған жоқ

– Жақында екінші сынып оқушыларының ата-аналарынан мектептен балаларымызды алып кетуге және әкелуге өзіміз міндеттіміз деген өтінішке қол қоюымызды сұрады. Демек, баланың мектепке дейінгі және одан қайтып келу жолындағы барлық жауапкершілік ата-аналарға жүктелмек. Қалада 2009 жылғы болған оқиғадағыдай тағы да бір баланың жоғалғандығы туралы алып-қашпа әңгіме шықты. Бұл айтылған сөз шындыққа жанаса ма?  Жоғалған бала табылды ма? 26 қазан 2011, 19:30 2 593 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балабақшадағы орынымды ауыстырамын!

– Мен өзім Алмагүл мөлтек ауданында тұрамын,  бізге  жақын маңда балабақша болмағандықтан  баламды  балабақшаға Жилгородокқа тасуға тура келеді. Алмагүл мөлтек ауданында балабақша қашан ашылады?  Мен баламды жақын маңдағы  балабақшаға ауыстыра алам  ба? 26 қазан 2011, 19:28 3 488 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл аурухана емес - мектеп

– Неліктен облыстық балаларды оңалту орталығы жазғы уақытта жұмыс жасамайды? Біресе оларда жөндеу жұмыстары жүріп жатады, біресе бүкіл қызметкерлер демалыста дейді. Ата-аналарға балаларын орталыққа жазда апарған қолайлырақ. Олардың көпшілігі демалысқа шығады, әрі ауа-райы да жақсы болады. Жаңбыр болмағасын балаларды қымтап-ораудың да қажеті болмайды. 6 қазан 2011, 20:49 2 353 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алимент төленуге тиіс

– Үлкен ұлым жуырда 18 жасқа толады. Әкесімен екеуміз ажырасқанбыз, ол алимент төлейді. Мұндай жағдайда оқу аяқталғанша бұрынғы жұбайымның тарапынан әрі қарай да алимент алуға болады деп естідім. Ол үшін қайда хабарласу керек және қандай құжаттар ұсыну қажет? 6 қазан 2011, 20:58 4 090 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даярлық тобын ашуға мүмкіндік жоқ

– Сәбиім барып жүрген №22 балабақшада (Жилгородоктағы жаңа балабақша) мектепалды даярлық тобы жоқ. Ол жерде балалар 5 жасқа дейін тәрбиеленеді. Содан кейін ата-аналары балаларын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр. Осы балабақшадан мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 774 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнеткерлер жалпы негізде төлейді

– Біз жұбайымыз екеуміз зейнеткерміз. «ТВС-TV» ЖШС-нің кабельдік теледидарын пайдаланамыз. Оның ай сайынғы төлемақысы 1 400 теңге. Жақында басқа кабельдік теледидар ұсынушылардың зейнеткерлер үшін 50 пайыздық жеңілдік жасайтынын білдік. Өз кабель қызметкерімнен бұған қатысты ештеңе біле алмадым. «ТВС-TV» ұстанымы қандай екен? 29 қыркүйек 2011, 20:07 2 253 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Туған әкесінің келісімі керек

– Мен жасы тоғызға келген әйелімнің бірінші некесіндегі  баланы өз атыма жаздыртып алғым келеді, бірақ, оған оның туған әкесі қарсы. Мен оның туған әкесінің келісімінсіз баланы өз атыма жаздыртып, асырап алуды рәсімдей алам ба? 25 тамыз 2011, 00:12 2 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Биыл үміт жоқ

- Балықшы поселкесінен әріде орналасқан Ақжайық ауылындағы бес көше биыл жөнделеді делінген болатын. Осыдан кейін ауылдағы екі көшенің жолдарын жөндеу жұмысы басталып, ортасына келгенде тоқтап қалды. Қазір жартылай бітпеген күйі тұр. Қалалық әкімдік биыл салынады деген көшелердің жолы не себептен жөнделмей қалды? Жол төсеу жұмысы биыл біте ме? 18 тамыз 2011, 15:52 2 725 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аурудың шипасы - Алладан

 - Бейіт басынан алынған топырақты үйде сырқаттанып қалған біреу болса, емдеуге пайдаға асар деген ниетпен ұзақ сақтаған қаншалықты дұрыс? Жалпы, ертеректе емшілік қасиеті бар кісінің бейітінен топырақ алып, тіл-көз тиген сәбиге ырымдап ем-дом жасағанда, бала ауруынан жазылып, аяққа тұрған деседі. Жақында да бір танысым солай істеп, қатты қызулап жатқан немересін аман алып қалды. Өзімді де ертеректе әжем күн батар алдында жерге етпетімнен үш рет жатқызып, «жер ұшынды, мен ұшынған жоқпын» деп айтқызып, қызуымды түсірді. Жалпы, ырымға сенбеу керек екенін білемін. Бірақ, қызу лезде түскені қалай деп ойланамын. Жалпы, бейіт басынан топырақ алуға бола ма? Оның қандай емдік қасиеті бар екен? 18 тамыз 2011, 16:03 4 887 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жәрдемақы жалақы есебінен болады

– Мен жеке кәсіпкермін. Базарда сауда жасаймын, тоқсан сайын салық есебін тапсырамын. Жақында үшінші баламды босандым. Енді маған бала туғаныма және бала күтіміне байланысты қандай төлемдер тиесілі екендігін білсем деп едім. 11 тамыз 2011, 20:23 2 068 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеппен ажырасу

– Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп  келеді.  Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде... 11 тамыз 2011, 20:28 3 467 рет қаралды
Уақытша қолайсыздық па? Сұрақ-жауап

Уақытша қолайсыздық па?

– Екі немерем бір уақытта балабақшаға барды. Бірақ балабақшалардың біріндегілер (№10, «Құ-лыншақ» балбақшасы) жиналмалы кереует, төсек жайма, ыдыс-аяқ, кір жуатын ұнтақ, ойыншықтар және т.б. әкелуді сұрады. «Өйткені сіз 51-шісіз, ал топ 50 балаға есептелген» дейді. Бірақ мен орынды тамыр-таныстықпен емес, ресми түрде алдым ғой. Егер балабақша балаларды қабылдауға дайын болмаса, онда не үшін қабылдайды? Мен де басқалар секілді 8000 теңгеден төлеп тұрамын ғой. Тағы бір сұрағым бар. Осы жалғама құрылыс қыста нұротандық қызметкерлер мен басқа да жоғары шенді меймандардың қатысуымен ашылған еді. Ал іс жүзінде балабақша әлі жұмыс жасамай тұр. 14 шілде 2011, 22:28 3 303 рет қаралды
Балаңызбен бірге демалуға сенімхаттың қажеті жоқ Сұрақ-жауап

Балаңызбен бірге демалуға сенімхаттың қажеті жоқ

– Жасы кәмелетке жетпеген баланы әжесімен бірге Ресейге  анасының сенімхатымен, бірақ, әкесінің сенімхатынсыз қалай жіберуге болады? Өйткені, баламның әкесімен біз баяғыда ажырасып кеткенбіз. Оның қайда жүргені туралы мен ештеңе білмеймін. 30 маусым 2011, 18:53 2 734 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жәрдемақыны бала саны шешпейді

- Наурыз айында менің апайым көп балалы ана ретінде «Алтын алқа» белгісіне ие болды. Осыдан кейін ол  алқаға байланысты қандай ма бір материалдық сыйақылар беріле ме, жоқ па соны білгісі келген болатын. Алайда, оған зейнетақы төлеу орталығы, әлеуметтік қамсыздандыру, одан қалды әкімдік секілді органдардың табалдырығын тоздыруға тура келді. Бұл сауалға кім жауап бере алады? 23 маусым 2011, 19:59 2 397 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сыйға тартылған пәтерден үміттенбей-ақ қойыңыз

- Осыдан үш жыл бұрын күйеуім 10 жастағы қызына пәтерді сыйға тартты. Ол пәтерді біз некелескен кезде сатып  алған едік, пәтерді қызмыздың атына рәсімдегеніне мен қарсы болған жоқпын. Енді біз ажырасып жатырмыз, күйеуім болса, мүліктің бәрін соның ішінде қызына сыйға тартқан пәтерді де бөліске салғысы келеді. Ол  мүліктің барлығы ортақ деп есептейді. Қызымның жасы әлі кәмелетке жете қойған жоқ және біз сол пәтерде тұрып жатырмыз. Сыйға берілген пәтерді бөлуге бола ма? 23 маусым 2011, 20:01 4 092 рет қаралды
Балабақшаға қабылдаудың машақаты Сұрақ-жауап

Балабақшаға қабылдаудың машақаты

- Біз №6 балабақшаға (Авангард) жолдама алдық.  Алайда, меңгеруші балаларды 27-ші маусымға дейін қабылдамайтындықтарын мәлімдеді, ал, кіші топ балаларына тіпті, тамыздың 10-на дейін күтуге тура келеді. Балабақшаның осылайша балаларды қабылдау мерзімдерін белгілеуі дұрыс па? Және бізді тағы бір толғандыратын мәселе - әрлеу жұмыстары үшін әрқайсымызға үш банкі түрлі бояу әкелу жөнідегі меңгеруші талабының   қаншалықты заңды екендігін білсек дейміз? 23 маусым 2011, 00:15 11 506 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Запорожскийге жаңа құбыр төселеді

– Екінші аптадан бері сусыз отырмыз. «Атырау су арнасына» қоңырау шалған едік, бірақ ондағылар ештеңе түсіндірмеді. Көршілердің бірі су арнасындағылар суды апаттың салдарынан жауып тастағанын, бірақ ақауды жою үшін еш жұмыс жүргізілмей жатқандығын айтады. Көшемізде 30 шақты үй болса, көбінің үйінде бала бар. Сусыз қиын боп тұр. 16 маусым 2011, 00:59 2 079 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектік алу тәртібі

– 6 жасар кезінде сәбиіме меңдеп бара жатқан алыстан көрмеушілік сырқаты бойынша операция жасалған еді. Ол үнемі учаскелік окулистің бақылауында болады және үнемі ауруханада емін алып жүреді. Жақында палаталас көршім өз қызына мүгедектік тағайындағанын айтты. Оның сәбиінде де осындай проблема екен. Бәлкім ұлым мүгедектік тобын алатын шығар. Оны рәсімдеуді неден бастау керек? 16 маусым 2011, 01:03 3 928 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атырауда аллергологтар тапшы

– Балықшыдағы офтальмологиялық емханада 2 жасар ұлымды конъюнктивит деген күдікпен Алмагүл ықшам ауданындағы қалалық балалар емханасындағы аллергологқа және жұқпалы аурулар ауруханасына анализ тапсыру үшін жолдама берген еді. Емханадағылар бүкіл облыс бойынша бір ғана аллерголог бар екенін, оның да қазір сырқаттанып қалғанын айтты. Жұқпалы аурулар ауруханасындағылар бізді «Рахат» маңындағы санэпидстансаға жіберді. Бірақ ондағылар балалардан анализ алмайтындықтарын айтты. Біз енді не істейміз? Аллерголог жұмысқа шыққанша ауыра берейік пе әлде диагнозы қойылмаса да емделе берейік пе? 16 маусым 2011, 01:04 2 187 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалар алаңын қалай сақтап қалуға болады?

– Халық арасында медиктер үйі деп аталатын үйіміз 1993 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан бері ауламызда абаттандыру тұрғысында ешқандай жұмыстар жасалмаған. Балалар кез-келген жерде ойнай береді. Наурыз айында ауламызда 7 жасар баланы машина қағып кетті. Біз «Рахман» ПИК-іне әлденеше рет балалардың ойын алаңдарын жасақтап, жалпы ауланы абаттандыру шараларын алу жөніндегі талабымызбен шыққан болатынбыз. 16 маусым 2011, 01:11 2 759 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Екпелерді салдыртқан жөн

– Профилактикалық екпелер балалар денсаулығына теріс әсер етеді деп жиі естимін. Балама екпе салдыртқым келмейді. Бірақ болашақта балабақшаға, мектепке барғанда және басқа да жағдайларда проблема туындай ма деп алаңдаймын. Жоспарлы екпе міндетті түрде салынуы керек және одан бас тартқаны үшін нотариалды расталған қағазы болуы керек деген талап қаншалықты заңды? 26 мамыр 2011, 15:54 3 954 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектепке бару және қайту жолы тегін

– Мен бірнеше маршруттағы автобустармен жүремін. Соған байланысты бірнеше сұрақтар қойғым келген еді. Сабақ кезінде мектеп жасындағы балалар маршруттарда тегін жүреді. Бірақ бала мектепке және кері үйге бару жолына ғана тегін жүруі тиіс, ал спорттық секцияны немесе үйірмені оның ата-анасы төлеуі тиіс деп түсінемін. Тендер шарты қалай жасалған? Оқушылар сабақ кезінде кез-келген бағытта тегін жүре ала ма, әлде мектепке және кері қайтар жолына ғана тегін жүре ме?  26 мамыр 2011, 16:03 3 279 рет қаралды
Бассейнге дәрігер арқылы барыңыз Сұрақ-жауап

Бассейнге дәрігер арқылы барыңыз

– Баламды «Мұнайшыдағы» бассейнге жазғым келеді. Бірақ ол жердегілер бір айға төленген ақша қайтарылмайды деп ескертті. Ал егер бір аптадан соң баламның хлорлы суға аллергиясы болса немесе ауырып қалса, 8000 теңге желге ұшты деген сөз бе? Бәлкім, бассейн басшылығы қолайсыз ережелер орнатпай, ымыраға келетін шығар? Өйткені бұл кешен біздің ақшамызға және біз үшін салынған емес пе?! 11 мамыр 2011, 18:56 2 889 рет қаралды