– 6 жасар кезінде сәбиіме меңдеп бара жатқан алыстан көрмеушілік сырқаты бойынша операция жасалған еді. Ол үнемі учаскелік окулистің бақылауында болады және үнемі ауруханада емін алып жүреді. Жақында палаталас көршім өз қызына мүгедектік тағайындағанын айтты. Оның сәбиінде де осындай проблема екен. Бәлкім ұлым мүгедектік тобын алатын шығар. Оны рәсімдеуді неден бастау керек?
Телефон арқылы
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің әдіскерлік және сараптама бөлімінің бастығы Эмилия ГРЕЧАННИК: «Балаңыздың мүгедектік алуға құқығы бар-жоғын айта алмаймын, бұл мәселелер жеке шешіледі. Көру қабілетінің кейбір ауытқушылықтары емдеуге келеді, соған байланысты мүгедектік тиесілі болмайды. Алдымен мекен-жай бойынша немесе өзіңіз бекітілген емханадағы учаскелік окулист дәрігер сырқат тарихының негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жолдама беруі тиіс. Егер комиссия мамандары тексеруден кейін балаға мүгедектік тиесілі екендігін растайтын болса, онда мүгедектікті рәсімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: сәбидің туу туралы куәлігі, ӘЖК, СТН, азаматтарды тіркеу кітабы, жеке бас куәлігі, ата-аналардың бірінің ӘЖК мен СТН құжаттары».