- Наурыз айында менің апайым көп балалы ана ретінде «Алтын алқа» белгісіне ие болды. Осыдан кейін ол алқаға байланысты қандай ма бір материалдық сыйақылар беріле ме, жоқ па соны білгісі келген болатын. Алайда, оған зейнетақы төлеу орталығы, әлеуметтік қамсыздандыру, одан қалды әкімдік секілді органдардың табалдырығын тоздыруға тура келді. Бұл сауалға кім жауап бере алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВАНЫҢ айтуынша, өткен жылдан бастап 6 бала туған аналар «Күміс алқа», ал, 7 бала туған әйелдер «Алтын алқа» белгілерін алатын болды. Осы белгілердің екеуіне де ие болған аналардың барлығы да 9240 теңге көлеміндегі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. Егер ол әйел биылғы жылы «Алтын алқаға» ие болса, демек, ол бұдан бұрын алты бала үшін «Күміс алқа» алған болып есептеледі және соған сәйкесті арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алып келді. Ол әйел бірі алтын алқа және күміс алқа алғаны үшін екі бірдей жәрдемақыны ала алмайды. Егер ол бұрын білместікпен арнаулы жәрдемақыны алмаған болып келсе мәселе басқаша. Ондай жағдайда оған мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына жеке басының куәлігімен, СТН және ӘЖК, сондай-ақ, алған марапатын растаушы куәлікпен келуі керек», - дейді М.Лепесова.