Атырау, 27 желтоқсан 16:12
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Балабақшаға қабылдаудың машақаты

11 114 просмотра

- Біз №6 балабақшаға (Авангард) жолдама алдық.  Алайда, меңгеруші балаларды 27-ші маусымға дейін қабылдамайтындықтарын мәлімдеді, ал, кіші топ балаларына тіпті, тамыздың 10-на дейін күтуге тура келеді. Балабақшаның осылайша балаларды қабылдау мерзімдерін белгілеуі дұрыс па? Және бізді тағы бір толғандыратын мәселе - әрлеу жұмыстары үшін әрқайсымызға үш банкі түрлі бояу әкелу жөнідегі меңгеруші талабының   қаншалықты заңды екендігін білсек дейміз?

Ата-аналар атынан Эльвира

№6 «Гүлдер» балабақшасының директоры Ж.Бектабанова:

- Бірден басын ашып алайық, біздің балабақшамыз биылғы жылы жанама құрылыстары іске қосылатын балабақшалардың бірі. Бұл жаңа орын 120 балаға есептелген. Жолдамалардың қолға берілгеніне қарамастан бұл ғимараттар іс жүзінде әлі күнге пайдалануға берілген жоқ. Осы балабақшаның басшысы болғаныммен менің қолымда құжаттар жоқ. Қабылдау жөніндегі әкімшілік шешімі енді-енді шықпақшы. Соңғы болған мәжілісте бізге оның үстіміздегі жылдың шілде айында іске қосылатындығы жоспарланып отырғандығын айтқан еді. Қаржыландыру 1 шілдеден басталмақ, сондықтан да біз штатты сол кезде жинайтын боламыз және осыған қатысты басқа мәселелер де шешілетін болады. Соған сәйкесті біз сол ғимаратқа балаларды қабылдауды кештеу бастайтын боламыз. Ескі ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін балаларды қабылдау 13 маусымда басталды. 2006, 2007 жылғы туған балаларды және ішінара 2008 жылы туған балаларды қабылдау жүріп жатыр. 2009 жылы туған балаларға арналған топ ескі ғимаратта 4-ші шілдеден бастап ашылады. Біздің балабақшаға жолдаманы 312 бала алды. Олардың барлығын біз бір күнде қалай қабылдаймыз?! Қолданылып жүрген нұсқамаларға сәйкесті біз аптасына жаңадан келген балалардың 3-5-ін ғана қабылдауға құқылымыз. Балаларға жаңа жағдайларға бейімделуге уақыт керек қой. Жоғары топтың балаларына, мәселен, нұсқама бойынша бейімделу үшін 5 күн керек, ал, кіші топтарда ол кезең 10 күнге созылады. Міне, тамыз айына дейін созылуымыздың себебі осы және бұл мерзімге қыркүйек айында қосып аламыз. Бұл тек біздің ғана балабақшадағы жағдай емес, барлық балабақшаларда осылай ұйымдастырылған. Ал, балабақшаға әкелуге мәжбүрлеген бояуға қатысты айтарым, талап қоймақ түгілі, ондай әңгіме тіптен айтылған да жоқ.

23 маусым 2011, 00:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.