Атырау, 5 қараша 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Балаңызбен бірге демалуға сенімхаттың қажеті жоқ

2 598 просмотра

– Жасы кәмелетке жетпеген баланы әжесімен бірге Ресейге  анасының сенімхатымен, бірақ, әкесінің сенімхатынсыз қалай жіберуге болады? Өйткені, баламның әкесімен біз баяғыда ажырасып кеткенбіз. Оның қайда жүргені туралы мен ештеңе білмеймін.

Сауал  www.azh.kz сайтынан

Сауалға  «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВжауап берді.

«Адамдардың көпшілігі әлі күнге баланы шетелге алып шығу үшін екінші ата-ананың (бұл жағдайда әкенің) келісімі керек деп ойлайды. Шындығында бұл олай емес. ҚР ІІМ-нің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі №655 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынан шет жерде тұрақты мекен-жайда тұру үшін ішкі істер органдарының рұқсат беруі туралы Нұсқаманың 2-тармағына сәйкесті, Қазақстан Республикасынан тыс жерге қызмет бабымен, жеке істермен, турист ретінде, жұмысқа немесе оқуға, емделуге және демалуға уақытша кету барысында ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді. Егер оқырманымыз баласын ҚР-дан тыс жерге уақытша демалуға жіберсе, оның әкесінен ондай рұқсат талап етілмейді. Өйткені, аталмыш Нұсқама бойынша баланы шетелге алып кетуге екінші ата-ананың келісімін беруді міндетті талап ретінде қарастырмайды.  Соған сәйкесті, заңнамалар бойынша ҚР аумағынан тыс жерге баланы уақытша әкетуге екі ата-ананың келісімін беру талабы қарастырылмайды, сондықтан да екінші ата-анадан сенімхатты талап ету заңсыз болып табылады.  Баланы шетелге демалуға, емдетуге уақытша әкету барысында ішкі істер органдары екінші ата-ананың келісімін (сенімхатын) талап еткен жағдайда сіз сотқа немесе прокуратураға шағымдана аласыз».

30 маусым 2011, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.