– Балықшыдағы офтальмологиялық емханада 2 жасар ұлымды конъюнктивит деген күдікпен Алмагүл ықшам ауданындағы қалалық балалар емханасындағы аллергологқа және жұқпалы аурулар ауруханасына анализ тапсыру үшін жолдама берген еді. Емханадағылар бүкіл облыс бойынша бір ғана аллерголог бар екенін, оның да қазір сырқаттанып қалғанын айтты. Жұқпалы аурулар ауруханасындағылар бізді «Рахат» маңындағы санэпидстансаға жіберді. Бірақ ондағылар балалардан анализ алмайтындықтарын айтты. Біз енді не істейміз? Аллерголог жұмысқа шыққанша ауыра берейік пе әлде диагнозы қойылмаса да емделе берейік пе?
Телефон арқылы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА:«Сіздің қоңырауыңыздан кейін жұқпалы аурулар ауруханасына хабарластық. Сөйтсек, оларда шынымен де екі күн бойына реактив болмаған екен. Қазір келген, енді анализ тапсыруға баруға болады. Балалар аллергологына келер болсақ, шынымен де ол облысымызда біреу-ақ. Бізге мамандарды оқытып, Алматыға білім жетілдіру институтына жіберуімізге болар еді, бірақ бар мәселе мамандардың тапшылығында болып отыр».