Атырау, 23 желтоқсан 08:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экономика

Аджипте қысқартулар күтіп тұр (толықтырылды) Экономика

Аджипте қысқартулар күтіп тұр (толықтырылды)

Бізге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА хабарлағандай, 1 қарашадағы ахуал бойынша, Солтүстік-Каспий жобасының теңіз кешенінде 1 904 адам жұмыс істейді, олардың 1 424-і қазақстандықтар, құрлықтағы кешенде 6,5 мыңнан астам адам (6 253 қазақстандық) жұмыс жасайды. 10 қараша 2014, 14:23 2 788 рет қаралды
Бір шынжырмен шырмалғандар Экономика

Бір шынжырмен шырмалғандар

Мұнай бағасының арзандауына байланысты рубльдің бәсі долларға шаққанда да, теңгеге қатысты да әлсіреп жатыр: егер кеше курс 4,23 болса, бүгін 4,17-ге табан тіреді. Біздің экономикамыз Ресей экономикасы сияқты өндіру салаларымен тығыз байланысты болғандықтан, мұнай бағасының құлдырауы біз үшін де жағымсыз жаңалық. Бірер күн турасында 2014 жылғы бюджеттің табыс бөлігінің көрсеткіштері нақтыланды. Болжамдар қуантарлық емес. 3 қараша 2014, 15:42 3 314 рет қаралды
Айырбастау қосындары туралы не білеміз? Экономика

Айырбастау қосындары туралы не білеміз?

Егер айырбастау қосыны айырбастау операциясын өткізуден бас тартса, не істеу керек? Банкноталардың қайсысы жарамды, қайсысы жарамсыз деп танылған? Қаржылық сауатсыздықты жою мақсатында «ҚР Ұлттық банк» РМБ Атырау филиалы экономисінің қысқаша кеңестерін ұсынамыз. 30 қазан 2014, 00:00 3 776 рет қаралды
NCOC басқарушы директорының орынбасары Ж. Марабаев: «Құбырды кім дәнекерледі дейсіз бе? Оған жауап бермеймін» Экономика

NCOC басқарушы директорының орынбасары Ж. Марабаев: «Құбырды кім дәнекерледі дейсіз бе? Оған жауап бермеймін»

Атырауда мемлекетаралық Форум аясында өткен «Көмірсутегі саласындағы инновация» көрмесінде NCOC бұрышын таныстырған NCOC басқарушы директорының орынбасары Жақып МАРАБАЕВ (суретте) сенсациялық мәлімдеме жасады: 1 қазан 2014, 15:20 2 835 рет қаралды
Күзгі дағдарыс Экономика

Күзгі дағдарыс

Бензин нарығындағы дағдарыс жалғасуда, ал көтерме сауда жасаушылар 92-ші бензиннің қазанға дейін болмайтындығын растауда. 92-нің тапшылығы салдарынан Аи-80-ге сұраныс күрт өсіп кетті. Оның көтерме бағасы бір литр үшін 67-ден 76 теңгеге дейін шарықтады. Ал АМӨЗ-дегілер мұнай өңдеу көлемін азайтпай, әдеттегі режиммен жұмыс істеуде. Ендеше облыста бензин неге қат болып тұр? 10 қыркүйек 2014, 12:10 3 581 рет қаралды
Басты бағыт - экономиканы әртараптандыру Экономика

Басты бағыт - экономиканы әртараптандыру

Атырауда халықаралық «ATYRAU INVEST-2014» бизнес-форумының шеңберінде 1-ші Аймақтық «Эксперт – Батыс Қазақстан» инвестициялық-экономикалық форумы болып өтті. Форумды ҚР Өңірлік даму министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің, «Цеснабанктің», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және т.б. ұйымдардың қолдауымен «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі ұйымдастырды. 10 сәуір 2014, 00:00 5 758 рет қаралды
Экономика

«Ақшаны тиімді пайдаланайық»

Жыл сайын мұнай компаниялары келісімшарт бойынша немесе ерікті түрде жергілікті әлеуметтік жобаларға көп қаржы салып отырады. Алайда, кей кездері халыққа қажеті шамалы құрылыстар бой көтеріп жатады немесе өте маңызды нысан тиісінше жерге салынбайды. 3 сәуір 2014, 00:00 2 481 рет қаралды
Авто: баға ұшынып тұр Экономика

Авто: баға ұшынып тұр

«АЖ»редакциясына не істерлерін білмей аласұрған бірнеше көлік алушылар хабарласты: дилерлер оларға алдын ала төленіп қойылған тапсырыстарына енді моделіне қарай 400 мыңнан миллион теңгеге дейін үстеме ақы төлеу керек деп ескерткен. Сатып алудан бас тартсаңыз айыппұл санкциялары қолданылады - ақшаларынан тұрақсыздық төлемі ұсталады. 17 ақпан 2014, 09:20 4 340 рет қаралды
Бағаның шарықтауын күтудеміз Экономика

Бағаның шарықтауын күтудеміз

2009 жылдағы теңгенің құлдырауын қайталаған 11 ақпан тарихта «қара сейсенбі» атауымен қалатын шығар. Теңге курсы ресми тұлғалардың жақында берген сөздеріне қарамастан, долларға, еуроға, тіпті рубльге шаққанда тағы да күрт төмендеді. 11 ақпан 2014, 19:05 4 233 рет қаралды
Аудан орталықтары кеңейеді Экономика

Аудан орталықтары кеңейеді

Облыстық әкімдікте Жылыой, Махамбет, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандары әкімшілік орталықтарының «Казгипроград-1» жобалау институты жасаған құрылыс салу бас жоспарлары ұсынылды. Құлсары, Махамбет, Миялы, Аққыстау және Ганюшкино сияқты аудан орталықтарының құрылымында қандай өзгерістер болады деп күтілуде? Бұл туралы «Казгипроград-1» ЖШС-нің директоры Валентина БАРКОВАМЕН (суретте) сұхбаттастық. 7 қараша 2013, 00:00 4 311 рет қаралды
Қазақстандық қамту: ақ өгіз туралы қазақ халық ертегісі Экономика

Қазақстандық қамту: ақ өгіз туралы қазақ халық ертегісі

30 қазанда Атырауда «Ренессанс» қонақ үйінде соның алдында ғана келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске Атырауда жұмыс істейтін бүкіл ірі шетелдік, біріккен және ұлттық мұнай компанияларының барлығының дерлік басшылары келді.  31 қазан 2013, 16:39 4 099 рет қаралды
Келесі кезекте энергетика Экономика

Келесі кезекте энергетика

«Халықтық IPO» бағдарламасы іске қосылған соң бағалы қағаздар нарығымен таныса бастаған атыраулықтардың саны көбейді. Ең қызығы, олардың жәй танысып қана қоймай, қаржылық табысты тарту үшін инвестициялау құралын тәжірибеде пайдалануда, - деп отыр  «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының трансагенттік қызмет бөлімінің бас маманы Жанаргүл ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ. 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 736 рет қаралды
Біз қайдамыз және «макро» қайда? Экономика

Біз қайдамыз және «макро» қайда?

Атырау облысындағы орташа класқа мұнай компанияларында қызмет ететін жанұяларды ғана жатқызуға болады. Мұндай қорытындыға Атырау облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мониторингісінің аралық қорытындысы негізіне сүйенген  «Бюджет сараптамасы және экономика мониторингі орталығы» Қоғамдық қорының мамандары келді. 29 тамыз 2013, 00:00 3 366 рет қаралды
Неге «Синопек» кешенді тапсыру мерзімін орындамады? Экономика

Неге «Синопек» кешенді тапсыру мерзімін орындамады?

«АМӨЗ» ЖШС-тің бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВ қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясының Хош иісті көмірсутек өндіру кешенін (ХОК) толықтай аяқтап тапсыру мерзімін неге бұзғандығы жөнінде әңгімелеп берді. Естеріңізге салсақ, жоба құны – 1 млрд 40 млн доллар. 7 тамыз 2013, 16:31 4 128 рет қаралды