Атырау, 11 желтоқсан 11:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Келесі кезекте энергетика

2 560 просмотра

«Халықтық IPO» бағдарламасы іске қосылған соң бағалы қағаздар нарығымен таныса бастаған атыраулықтардың саны көбейді. Ең қызығы, олардың жәй танысып қана қоймай, қаржылық табысты тарту үшін инвестициялау құралын тәжірибеде пайдалануда, - деп отыр  «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының трансагенттік қызмет бөлімінің бас маманы Жанаргүл ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ.

«Халықтық IPO»-ның алғашқы кезеңі барысында «Қазпоштаның» атыраулық филиалында 1 612 қызмет көрсету шарты жасалып, жалпы сомасы 270 миллионнан астам теңге «ҚазТрансОйл» компаниясының қарапайым акциясын сатып алуға 1 574 клиенттік тапсырыс жасалды. Бұл елдегі үшінші көрсеткіш.

- ҚТО акцияларын 725 теңгеден сатып алуға болатын бастапқы нарық жабылғаннан кейін осы бағалы қағаздарды сатып алғысы келген, бірақ үлгере алмаған көптеген адамдар қалды. Олар мұны қайталама нарықтан сатып ала алды, алайда, шындығын айту керек, жоғары баға – 850-860 теңгеден алды. Биржада тіркелген ең жоғарғы баға – бір акцияға 876 теңге, - дейді Жанаргүл Қуандыққызы. – 13 маусымда түн ортасында дивидендтер алуға құқылы акционерлер реестрі тіркелді. Осыдан кейін акциялар құны құлдырады. Қазір біреулер ҚТО акцияларын сатып жатса, біреулер алып жатыр. Орташа баға – 800 теңге. Нарықта ерекше қарбалас байқалмайды. Акция ұстаушылар 2012 жылға арналған өз дивидендтерін ала бастайды, олар әр акцияға 75 теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ және «Асыл Инвест» АҚ бойынша қызметтер ұсынатын «Қазпошта» АҚ АФ Халықтық IPO басталғаннан бері халықтың қор нарығына деген қызығушылықтары артқанын хабарлады.

Бұған дейін де акция ұстаған адамдар болды, алайда олар бұған онша мән бермеген еді, ал қазір дивидендтер алу үшін өз шоттарын ретке келтіре бастады. Брокерлік шот ашқысы келетіндер де көп. Атырау облысы тұрғындарының арасында «Қазмұнайгаз», «Қазақтелеком», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз», «Каспиймұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз», «Атырау халықаралық әуе жайы» және т.б. компаниялар сияқты кәсіпорындардың акцияларын ұстаушылар бар. Кейбіреулер бірнеше компанияның акцияларын қатар алғысы келеді және олар тек табыс табуды ғана емес, мүмкін болатын тәуекелдерді де ескеріп отырады.

«Халықтық IPO»-ның екінші кезеңінде бағалы қағаздар нарығына «KEGOC – электр желілерін басқару бойынша қазақстандық компаниясы» шығу керек. Бұл шара көптен бері кейінге қалып келеді, сараптамашылардың пікірінше, бұл  IPO-ны жүзеге асыруды тежеп отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.