Атырау облысында биылғы жылдың қаңтар-қарашасындағы сыртқы сауда тауар айналымы 25 млрд 361 млн долларды құрады. Тауар айналымының басым бөлігін 94,3% экспорт құрап отыр, 5,7% - импорттың еншісінде.
Біздің өңірімізде 955 компания дүние жүзінің 110 еліндегі серіктестерімен сауда жасайды. Экспорттау тізімінде шикі мұнай (25 млн 409 мың тонна) мен битуминозды жыныстардан алынған мұнай өнімдері, сұйытылған пропан, сұйытылған бутандар, газойлдар және т.б. басым. Импортта едәуір үлесті мұнай-газ өндіруші өнеркәсіпке арналған жабдықтар (37%), металлдар мен олардан жасалған бұйымдар (23%), химия өнеркәсібінің өнімдері (13%), көлік құралдары (13%), өнеркәсіптік тауарлар мен аппаратура (8%) құрайды. Тауарлар негізінен АҚШ-тан, Германиядан, Италиядан, Түркиядан, Украинадан әкелінеді. Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті облыс кірісіне 236 млрд 180 млн 959 мың теңге құйды (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға көп).
Зульфия ИСКАЛИЕВА