Атырау, 12 желтоқсан 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Біз қайдамыз және «макро» қайда?

3 180 просмотра

Атырау облысындағы орташа класқа мұнай компанияларында қызмет ететін жанұяларды ғана жатқызуға болады. Мұндай қорытындыға Атырау облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мониторингісінің аралық қорытындысы негізіне сүйенген  «Бюджет сараптамасы және экономика мониторингі орталығы» Қоғамдық қорының мамандары келді.

Макроэкономикалық көрсет-кіштер бойынша біздің өңір Астана және Алматымен бірге көшбасшы үштіктің қатарына кіреді әрі халық санына шаққандағы жалпы өнім деңгейі бойынша елімізде бірінші орын алады (облыстың 555 мың тұрғынына 3,32 трлн теңге). Бірақ әлеуметтік даму деңгейі әлі де төмен.
- Жоғары экономикалық көрсеткіштер халықтың өмірін жақсарта ма, жоқ па, - ол лакмус қағазы сияқты айқындап беретін адамдардың өмір сүру деңгейінен, денсаулық саласынан, білім беру мен әлеуметтік қорғаудан, бизнесін жүргізуден және өзге де нәрселерден байқалу қажет, - дейді «Бюджет сараптамасы және экономика мониторингі орталығы» Қоғамдық қоры директоры Ұлықбек Тінәлиев. – Көрсеткіштерді зерттеуге де болады немесе өткен кезеңдегі өзгерістерді өздері үшін игілікті санай ма, өздерінің болашағына сенімді ме, бұл туралы адамдардан тікелей сұрауға да болады. Осы және өзге де сұрақтардың жауабы аталған зерттеу жұмыстарының негізі болды.
Әлеуметтік сауалнамаға облыстың 400 тұрғыны қатысты. Олар ең өзекті бес мәселені атады: жолдар, сумен қамту, экология, жұмыссыздық және денсаулық сақтау. Респонденттердің 47 пайызы өздерінің табыс деңгейін жеткілікті деп есептегенмен, оның көбейгені қажет дейді. Өңірдегі сумен қамтуға 63 пайыз (негізінен облыс орталығы тұрғындары), білім беру саласына 60 пайыз қанағаттанды. Денсаулық сақтау саласына сұралғандардың 51 пайызының көңілі толмайды. Атқарушы органдардың жұмысын тұрғындар «үшке» бағалады, олар әкімдік неғұрлым жақын болса, одан пайда аз болады деп сенеді: олардың пікірінше, аудандық әкімдікке жолығу аймақтық әкімдікке жолыққаннан, ал облыстық аудандық әкімдікке жолыққаннан гөрі ықпалдырақ. Аумақты дамытудың өңірлік бағдарламасы және әкімдіктердің әлеуметтік салаға қаржы бөлуі туралы сұралғандардың тек жартысы ғана естіген болып шықты, бірақ солардың өзі әлеуметтік мәселелер осындай бағдарламалардың көмегімен шешіліп жатқан-жатпағанын білмейді. Сұралған тұрғындардың тең жартысы өз мәселелерін шешу үшін ешқайда жолықпайды. Ал жолығатындар алдымен әкімдіктер, БАҚ және ҮЕҰ-ды таңдайды екен.
Аумақтық даму бағдарлама-сының тиімділігін көтеру үшін зерттеуді ұйымдастырушылар инфографика және өзге де тәсілдер арқылы халықтың ақпаратқа қолжетімділік деңгейін көтеріп, бизнестің, ҮЕҰ және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен сөйлесу алаңқайларының жұмысын жандандыруды және жұртшылықтың пікірін есепке ала отырып, бағдарламаны түзету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.