Атырау, 18 желтоқсан 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Аджипте қысқартулар күтіп тұр (толықтырылды)

2 651 просмотра

Бізге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА хабарлағандай, 1 қарашадағы ахуал бойынша, Солтүстік-Каспий жобасының теңіз кешенінде 1 904 адам жұмыс істейді, олардың 1 424-і қазақстандықтар, құрлықтағы кешенде 6,5 мыңнан астам адам (6 253 қазақстандық) жұмыс жасайды.

Бұл цифрларды мемлекеттік органға Аджип ҚКО компаниясы ұсынды. Соңғы рет «PSN» ЖШС-де 116 адам жұмыстан босатылған, оның ішінде тек бірнеше жұмысшы ғана кейін жұмысқа орналасқан.

Аджип ҚКО ұсынған мәліметтер бойынша, Қашағанда таяу уақытта басқа қысқартулар болмайды.

Құрлықтағы кешенде жұмыс істейтін жұмысшылардың көптігін Қарабатанда 4 млн тоннаға есептелген күкірт қоймасы мен теміржол эстакадасының құрылысы жалғасып жатқандығымен түсіндіруге болады. Таяу болашақта қабаттық суды тазартуға арналған құрылғы құрылысы басталады. Ал мұнай өндіру тоқтаған кезде екі мыңдай адамның теңізде не істейтіндігі түсініксіз.

Аджип ҚКО компаниясының өзіндегі қызметкерлерді босату мәселесі ашық күйде қалып отыр (саны - 2 515 адам). Аджип қызметкерлері хабарлағандай, таяудағы жиналыста оларға жұмыс берушінің мәртебесі өзгергендігі туралы жариялаған. Енді ол агенттік компания емес екен. Осыған байланысты адамдарға болашақта қысқартулар болатындығы туралы ескерткен, бірақ уақыты айтылмаған.

Аджип ҚКО-дағы сұхбаттасушыларымның айтуынша, компанияның 300-дей қызметкері, соның ішінде Атырауға ауыстыру жоспарланған астаналық кеңсенің қызметкерлері екіұдай жағдайда тұр.

- Қазір ескі үлгіден жаңасына көшу процесі жүріп жатыр. Ол шамамен келер жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталмақ. Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC пен агенттік компанияларда қатар жүргізілген позициялар қысқартылып, бөлімдер «оңтайландырылатын» болады. Қайта құру директоратқа, қаржылық қызметтерге де қатысты болмақ. Көшкеннен кейін Астанада өкілдік қызметтерін жүзеге асыру үшін бар болғаны бірнеше адам қалады, - деп бөлісті Астанадағы дереккөзіміз.

Басқа дереккөз хабарлағандай, қысқартулар кестесі әзірге жоқ. Ал «Аджип ҚКО» компаниясы 2-ші фаза (Gate 2) шеңберінде Аджип базасында жаңа NCOC NV (АҚ) компаниясы болып атауын өзгертті. Айтпақшы, Аджип ҚКО-ның көптеген кеңселерінде бұрынғы атаудағы маңдайшаларды алып тастаған. Астанадағы кеңсе NCOCBV(ЖШС)атауын алды:

- Астана филиалы менNCPOC-ты NCOCNV-ға қосу немесе оларды тарату туралы мәселе шешілуде. 3-фазада – 2015 жылдың сәуіріне қарай бүкіл компанияларды бір NCOC NV-ға біріктіреді.

Дереккөздің айтуынша, қазір жаңа компанияға ауыстырар алдында қызметкерлермен сұхбат жүргізуде. Қалай болғанда да, жаппай қысқартуларсыз істің бітпейтін түрі бар.

Осылайша, келер жылдың көктеміне сәйкес келетін Солтүстік Каспий жобасындағы елеулі қысқартудан кейін құнды жұмыс тәжірибелері бар және болжамды жоғары еңбекақы алатын жүздеген білікті мамандар жұмыстарынан айырылады. 

Бәлкім, олардың бір бөлігі Теңіз кенішінде Келешек Кеңею Жобасын бастайтын «Теңізшевройлға» келетін шығар. Жұмыспен қамту басқармасындағылар қазір бұрын қол қойылған меморандум шеңберінде ТШО-ның жергілікті билікке қажет мамандар туралы ақпарат ұсынып отырғанын атап өтті. Әзірге инженерлік позиция қажет екен.

- ТШО ақпараты бойынша, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Онда мердігер компанияның 2 мыңнан астам қызметкерлері жұмыс істейді, - деді Г. Аманғалиева.

Естеріңізге салсақ, зауытты іске қосу 2019 жылға жоспарланған. Жоба құны 40 млрд доллар, құрылыс қызған шақта бұл жерде 20 мыңға дейін адам жұмыс істейтін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА 

10 қараша 2014, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.