Атырау, 19 желтоқсан 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Қазақстандық қамту: ақ өгіз туралы қазақ халық ертегісі

3 975 просмотра

30 қазанда Атырауда «Ренессанс» қонақ үйінде соның алдында ғана келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске Атырауда жұмыс істейтін бүкіл ірі шетелдік, біріккен және ұлттық мұнай компанияларының барлығының дерлік басшылары келді. 

АДРЕСАТСЫЗ МӘЖІЛІС

Кеңестің бірінші бөлімінде Құлыбаев жиналғандарға бұдан бұрын тағайындалған ҰКП Атырау өңірлік палатасының директоры Асылбек ЖАКИЕВТІ таныстырып, өңірлік кеңес төрағасы лауазымына «Тенгизнефтестрой» АҚ бас директоры Абай ЖҰМАҒҰЛОВТЫ (танымал кәсіпкер Төкен ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ ұлы) ұсынды. Оны жергілікті кәсіпкерлер бірауыздан сайлағаннан кейін мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды, атап айтқанда оны біріккен кәсіпорындар құру арқылы дамыту мәселесі талқыланды.

 «Logic Services» БК бас директоры Серболат ШОРАЕВ мемлекеттік органдар тек қазақстандық қамтуды қолдайтынын ғана мәлімдейтінін, алайда бұған өздері қабылдаған ережелердің кедергі келтіретінін атап өтті. Мәселен, құрылыс саласындағы лицензиялаудың жаңа ережелеріне сәйкес, егер 1-ші санатты лицензиялы шетелдік сервистік компания осындай лицензиясы бар қазақстандық компаниямен біріккен кәсіпорын құрса, онда бұл біріккен кәсіпорын 3-ші санатты лицензияға ғана ие болады. Ал бұл, Шораевтың айтуынша, жаңа кәсіпорынды мұнай-газ компанияларының тендерлеріне қатысу кезінде қолайсыз жағдайда қалдырады: тапсырыс беруші компанияның жұмыс көлемін 1-ші санатты лицензиялы шетелдік мердігерге беретіндігі түсінікті.

Шораев таяу уақыттан бері NCPOC-тың тендерлік құжаттарында кем дегенде 50 пайызы қазақстандық азаматқа немесе мемлекетке тиесілі болатын компанияның тендерге қатысу мүмкіндігі туралы шарт пайда болғанын айтып өтті. Бұл біріккен кәсіпорын құруға септігін тигізеді. Ол осындай шартты, әсіресе, Келешек кеңею жобасы басталар қарсаңда ТШО да енгізеді деп үміттенетіндігін білдірді:

- Мәселен, ТШО-да біздің электрмен монтаждау бағытымыз бойынша негізінен шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Бұл жылдар бойына өзгермейді. Олар мамандарды шетелден әкеледі, технологияларды жергілікті компанияларға бермейді, кадрларды оқытпайды. Құрылыс бойынша бас мердігерлерді тартуға қатысты да осындай жағдай. Біз өз кезегінде түріктің қосалқы мердігерлерін тартуға тырысатын 100 пайыздық шетелдік компанияларды тартпауды қалаймыз. Қазақстанда шетелдік серіктестерімен бірігіп, «кілтпен» көлем ала алатын ірі бас мердігерлік құрылыс компаниялары қалыптасуда.

ТШО-ның сатып алулары бойынша қазақстандық үлес пайызының төмендігі – бар болғаны 3 пайыз екендігі туралы өзекті мәселені «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет МАҒАУОВ атап өтті.

Ал, сол кезде шамасы ұйымдастыру жағынан түсінбестік болған болуы керек, күзет кеңестің бірінші бөліміне шетелдік компаниялардың өкілдерін кіргізбеді. Олар тек екінші бөлімге ғана қатысты. Сондықтан қазақстандық қамтуды талқылау кезінде олар зал ішінде болмады.

 

КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ

Кеңестің екінші бөлімінде Атырау облысындағы ЕЭА (еркін экономикалық аймақ) және мұнай-химия саласы үшін кадрларды даярлау мәселесі туралы айтылды. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технобағы» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы» АҚ-ның өкілетті тұлғасы Арман ҚАЙЫРДЕНОВ пен «Полимер Продакшн» ЖШС директоры Ғабит ЗАКАРИЯ таныстырылым өткізді. Закария ЕЭА базасында полимер өнімдерін шығаратын зауыт құрылысының жаңа жобасын ұсынды. Газ-химия кешенін іске қоспас бұрын зауыт импортты шикізаттан өнімдер шығаратын болады (суретте - үлгілер). Ал 2017 жылға қарай зауыт, Закарияның айтуынша, өнімдерді «КРІ» ЖШС мен «KLPE» ЖШС «алып қойғандықтан» толықтай шикізатқа көшпек.

Тимур Құлыбаев атап өткендей, бүгін отандық мұнай-химия саласын қалыптастыру үшін кадрларды дайындау басты мәселе боп табылады.

Болашақ газ-химия кешені және онымен байланысты өндірістік кәсіпорындар үшін өңіраралық мұнай-газ саласының кадрларын кәсіби дайындау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру орталығының базасында кадрларды дайындау орталығын құру («КәсіпҚор» холдингі), сонымен қатар экспериментальды зауыт құрылысы (осы секілді зауыттар тек Сингапур мен Оманда бар) туралы «Самұрық» құзырет орталығының бас директоры Жанкелді СЕЙІТОВ әңгімеледі. Оның айтуынша, 2020 жылға дейін Атырау ЕЭА аумағында мамандарға болжамды сұраныс 5 мың адам деп бағаланып отыр. Алайда бүгінгі күні өңірде мұндай мөлшерде даярлықтан өткен мамандар жоқ. Тәуелсіз зерттеулер мәліметі бойынша, жұмыс берушілердің 85 пайызы қазақстандық жоғарғы оқу орындарындағы техникалық факультеттердің студенттері алған білім сапасына разы емес.

Тамыз айындағы Білім және  ғылым министрлігінің мәжілісінде колледж түлектерінің 30 пайызы ғана жыл сайынғы кешенді тестілеуді тапсырған, олардың тек 1 пайызы ғана жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша білім алуда. Ал соңғы жылдары мұнай-газ саласында 2050 апат орын алды, оның 88 пайызы – мұнай-химия саласында. Бұл оқиғалардың 80 пайызына адам факторы себеп болған. Осыған байланысты Атырау мен Таразда ЕЭА үшін мұнай-химия саласында мамандар даярлайтын оқу орталықтарын құру ұйғарылды.

Атыраулық «КәсіпҚор» колледжіне жаңа жабдықтар жеткізілмек. Соның ішінде барлық тәжірибелік өндірістік тораптар қойылатын 6 платформа орнатылды. Мұнай-химия кәсіпорындарындағы жұмыстарға машықтануды колледж студенттері интерактивті кабинеттерде үйренетін болады.

Құлыбаевтың газ-химия кешені үшін кадрларды даярлау орталығы жобасының қазіргі ахуалы туралы сұрағына қазір дайындық жұмыстарының аяқталып жатқанын, Орталықтың студенттерді 2014 жылдың қаңтарында қабылдайтынын айтты. Жарты жылдық курстарда 250 студенттен оқытылатын болады.

Осы жерде жоба серіктестері – «Самұрық» құзырет орталығы ЖШС мен  «Petrofac Training International Limited» компанияларының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген авторы

31 қазан 2013, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.