Атырау, 19 желтоқсан 00:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Тұтынудың шамадан тыс ауыртпалығы

2 764 просмотра

Өткен сәрсенбіде «Ұлттық банк» АҚ-ның облыстық филиалы Атырау облысындағы банк секторы жұмысының 2013 жылғы 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

ҚАРЫЗДАР

Қарыздарға қарағанда, халық әлі де болса несиеге кіріптар болуды жалғастыруда – өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда, тіпті несиенің жүктемесі екі есеге көбейген. Адамдар ең қымбат тұтынушылық несиелерді көп алады. Жартыжылдықтың қорытындысында екінші деңгейлі банктердің берген мәліметі бойынша тұтынушылық мақсаттағы несиелердің көлемі 41 млрд теңгені құрады (2012 жылғы осы кезеңде 24 млрд теңге алынған).

- Біз өзіміздің ақшамызды желге ұшырудамыз, - деп түсіндіреді Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ. – Тұтынушылық мақсаттағы несиені алу оңай болғанмен, өте қымбат. Көбіне әңгіме мақсатсыз жұмсау туралы. Көпшілігі тұтынушылық несиені автокөлік сатып алуға немесе шарбақ қондырып, төбені жабу үшін алып жатады. Ал, былай қарағанда, қажетті құжаттарды тапсырып, мақсатты несиелер алуға да болады, мәселен, құрылыс жұмыстарына, олар соншалықты қымбат емес. Негізінен несие алып, келісімшартқа қол қоярдың алдында адам өзінің мүмкіндігіне қараса екен, себебі ол біреудің ақшасын алғанмен, берерде өзінің қалтасынан төлейді. Бірақ кейбіреулер кейін қайтармайтындарын біле тұра банктен қарыз алады.

Ұлттық банктің облыстық филиалының мәліметі бойынша, біздің әрқайсымыз – кішкентай баладан зейнеткерге дейін, орташа есеппен, 90 мың теңге несие арқалап жүр екенбіз. Шынымен, бұл жерде өткен жартыжылдықпен салыстырғанда тез өсіп кеткен тұтынушылық мақсаттағы несиелер негізгі орын алады. Керісінше, ипотекалық несиенің үлесі төмендеген.

Төлеу мерзімін өткізудің үлесі де қарқынмен өсіп келеді, қазіргі таңда ол 14 млрд-ты құрайды (өткен жартыжылдықтағы 10 млрд-пен салыстырыңыз).

 

САЛЫМДАР

Екінші деңгейлі банктердің филиалдарының тартқан салымдары облыс бойынша 95,4 млрд теңгені құрайды. Соның ішіндегі 72,3 млрд теңге физикалық тұлғалардың салымдары (өткен жартыжылдықта 59,1 млрд теңге болған). Немесе халық санына шаққанда 129 мың теңгеден келеді деген сөз. Егер осы ақшадан несиелік ауыртпалықты шегеріп тастасақ, қолымызда ештеңе қалмайды екен – орташа есеппен әр адамға 40 мың теңгеден. Екінші деңгейлі банктерде салымдарын азаматтардың «шектеулі контингенті» ғана сақтайды, ал несиеге көбіне артында ештеңесі жоқ адамдар жүгінеді.

 

ВАЛЮТА

Айырбастау пункттерінің мәліметтері бойынша, Атырау облысының тұрғындары долларды сатып алуда белсенділік танытуда. Егер жалпы еліміз бойынша сату көлемі 13 пайызға төмендеп кетсе, бізде небары 3 пайызға ғана төмендеген. Жарты жыл ішінде айырбастау пункттері халыққа 294 млн доллар сатқан екен (осы уақытта халықтан 72 млн доллар сатып алған). Орташа есеппен, облыстағы халық санына шаққанда 524 доллардан келеді екен (салыстыру үшін: ел бойынша 490 доллар).

 

ТАҒЫДА ДЕВАЛЬВАЦИЯ ТУРАЛЫ

Теңгенің девальвациясы туралы сыбыстарға байланысты Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ төмендегіні мәлімдеді:

- Халықаралық тәжірибеде курстың 10 пайызға дейін өзгеруі түзету (коррекция) деп аталады. Бізде 0,8 пайыз үшін осыншама шу шығарды. Жалпы, адам баласы жақсы нәрсеге тез үйренеді. 1993 жылы біз Әлем банкте жұмыс бастаған кезде, облыс бойынша 2 млн доллар ғана сатылған болатын, оның 1-1,5 млн-ын Қазақстанның Әлем Банкі сатқан еді. Қазір облыс бойынша айына 56-57 млн доллар сатылады. Жылына – 600-700 млн доллар. Яғни, сату көлемі 400 есеге көбейді. Біз осыған үйреніп алдық. Доллардың курсын бағып отырғанша, адамдар бағалы қағаз бен қор нарығына қызығушылықтарын білдірсе екен. Ресей рублінің құбылмалылығы едәуір жоғары болғанымен, ол жерде осыншама дүрлігу жоқ. Ресей экономикасының 10 есе жоғары екенін мен, әрине, түсінемін, дегенмен жергілікті халық көбіне доллардың курсын бақылап отырады. Менің ойымша, біздің адамдарда патриотизм жоқ, жинаған ақшаларын дереу долларға немесе еуроға айналдырып жатады.

Бұл жерде қосып айтар ештеңе жоқ – біздің патриотизм америкалық доллармен тығыз байланысты. Мұндай экономиканы үлкен патриоттар құрды ғой.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.