10 қазанда облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ түйе мен қойдың жүнін бастапқы өңдеу кешені құрылысының алғашқы тасын қалады.
Бір жылдан кейін фабрика 100 тонна түйе жүні мен 350 тонна қой жүнін өңдеу көлемімен шығуға тиіс. Нысанның жобалық құны - 780 млн теңге, оның ішінде «Каспий» ӘКК 49 пайыздық үлес ұстаушы ретінде 382,2 млн салуы тиіс. Қалғандарын жоба бастамашысы – «Достан ата» шаруа қожалығы салуы керек.
- ӘКК бізден жобаның бір бөлігін сатып алды. Біз «Атырау ЖБӨ (жүнді бастапқы өңдеу)» БК-ін құрды. Құрылысын біздің мердігеріміз «Ғимрат» ЖШС салатын болады, - дейді «Достан ата» өкілі, «Атырау ЖБӨ» ЖШС директоры Әлімжан БАЛЖІГІИТОВ.
Оптимистік болжам бойынша келер жылдың мамырында жобаның бірінші кезеңі аяқталуы тиіс.
- Іске қосылған алғашқы жылда мәлімделген көлемді өңдеуге шығуды жоспарлап отырмыз, бұл минимум бағдарлама: жүнді сұрыптау, жуу және түту. Келер жылы иіруге арналған жабдықтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Соңғы кезең – трикотаж цехын салу. Яғни, толық цикл кешенін салу жоспарда бар, - дейді Балжігітов.
- Ал алғашқы жылдарда жартылай өнімдерді не істейсіздер?
- Өткізу мәселесін әзірге ойластырған жоқпыз, алайда біздің өнімімізді сатып алатындығына сенімдіміз. Моңғолиямен, Ресеймен, Қытаймен алдын ала жасалған келісім бар, олар біздің өнімді импорттауға қызығушылық танытып отыр. Біздің жобаға кеңес беруші моңғолиялық «СОР Кашемир» компаниясы шарт бойынша алғашқы өнім шыққанға дейін жобамызға қолдау көрсетеді. Олар да біздің өнімді сатып алуға әзір.
- «Атырау ЖБӨ» шикізатты қайдан алады?
- Біздің өзіміздің 500 бас малымыз бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Кеңес дәуіріндегідей, мал ұстайтын бүкіл қожалықтармен жұмыс істейтін боламыз, болашақта көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына шықпақпыз. Бүгінде ол жерлерде біздің көлемдегідей фабрикалар жоқ.
Облыс әкімі облыстағы шаруа қожалықтарында 670 басқа дейін қой мен 30 мыңнан астам түйе бар деген статистика келтірді.
- Бұл 100 тоннаға дейін түйе мен 700 тоннаға дейін қой жүнін қырқуға мүмкіндік береді. Бұрын бұл шикізат тиімді пайдаланылмады. Болашақта мал терісін өңдеуді қолға алу ойымызда бар. Әрине, Италиядағыдай болмағанмен, шикізатты дайындап, экспортқа жіберуге әбден болады. Бұл он мыңдап жерге көмгеннен жақсы.
Кейінірек «Атырау ЖӨБ» ЖШС директоры әкімге жүнді өңдеу идеясы үшін алғыс білдірді.
- Менде идеялар әлі көп, тек соны жүзеге асырыңдар! – деп жауап берді Ізмұхамбетов.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор