Атырау, 18 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Даму» өтініштерді қабылдайды

2 435 просмотра

«“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының» өңірлік филиалы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша 3 жобаға қатысуға өтініштерді жинауды бастады.

Төртінші бағытқа бес жоба кіреді: жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдау («Бизнес Кеңесші»), қызметін жалғастырып отырған бизнесті сервистік қолдау, шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту, шетел серіктестерімен байланыс орнату («Іскерлік байланыс») және «Аға сеньорлар». Қабылдау соңғы үш жоба бойынша жүргізілуде. Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту «Назарбаев Университеті» АҚҚ-да Дьюк Университетімен (АҚШ) бірлесіп жүргізілуде. Жобаға экономиканың беделді салаларында жұмыс істейтін (агроөндірістік кешен, құрылыс материалдарының өндірісі, металл өңдеу, жүк және жолаушыларды тасымалдау, ақпарат және байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, компьютерлер мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және т.б.) шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта топтағы басшылары қатыса алады. Жоба қатысушылары барып-қайту жолы мен жатын орнының шығынын өздері төлейді, оқыту ақысы – мемлекет есебінен төленеді. Бұл жоба 2011 жылдан бері жұмыс істейді, осы уақыт аралығында оған Атырау облысының 28 кәсіпкері қатысты, соның ішінде Жылыой, Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан 7 бизнесмен бар. 

«Іскерлік байланыс» жобасы бойынша бизнесмендер алдымен Астана мен Алматыда оқудан өтеді, кейін олардың ішіндегі ең табыстылары Германияда төрт апталық немесе АҚШ-тан үш апталық тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Олар онда жабдық алу, тауар жеткізу, франшизалар мен лицензиялар, мамандарды жалдау және т.б. туралы келісе алады. Ұшып келу/ұшып кету, шетелде тұру және оқудың өзі мемлекет есебінен төленеді. «Іскерлік байланыс» бойынша 35 атыраулық бизнесмен оқудан өткен, Германия мен АҚШ-та6 жергілікті компанияның басшылары тәжірибеден өтіп келді. Олар: «Каспий Ойл-Системс ЖШС, «Жахан  Атырау» ЖШС, «Best Trust Technology» ЖШС, «Delfino Service Company» ЖШС, «Мажитов» ЖК, «Adem Ecology» ЖШС.

- Топтар сәуірде оқуды бастайды, алайда өтініштерді толтыру процедурасының өз қиындығы бар. Оған аз уақыт жұмсалмайды, сондықтан өтінішті қазірден бастап беру қажет, олар 15 наурызға дейін қабылданады, –дейді «Даму» ӨҚ менеджері Лаура ӘМІРОВА. 

Өткен жылы «Аға сеньорлар» атты тағы бір жоба жұмысын бастады. Бұл жоба бойынша жергілікті кәсіпкерлер шетел сарапшыларының көмегін пайдалана алады. Атыраудағы «Unique Global Business» ЖШС біздің облыста осы бағдарламаны алғашқы болып пайдаланды. Оларға Канада азаматы Джордж ВОНАС сарапшы ретінде дәріс берді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.