Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Құлсары облысты жұмыртқамен қамтамасыз етеді

5 974 просмотра

Биылғы жылдың сәуірінде Құлсары қаласында «Атырау Сауда» ЖШС-ның құс фабрикасы ашылды. 4 қазанда кәсіпорынға журналистер аяқ басқан еді.

Құс фабрикасын «Құс фабрикаларыжүйесін салу және дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер Әлімжан БАЛЖІГІТОВ («Бақай» корпорациясы) салған еді. Іске бизнесмен 62,5 млн теңге салған, қалған 250 млн теңгемен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырыпты. Несие лизингтік негізде 7 жыл уақытқа жылдық 9 пайызбен берілді. Жылдық пайыздың 80 пайызын мемлекет төлейді.

Бұл ақшаға құс қоралар салынды, балапандар, жұмыртқа басатын тауықтар мен қоспа жемдер цехы үшін жабдықтар алынды. Қазір бұл жерде 38 мың тауық бар. Әр тауық жылына 330-дан жұмыртқа басып шығады.

Жалпы ел бойынша «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 20,3 млрд теңгеге 18 құс фабрикасының құрылысын қаржыландырды. 2013 жылы үш құс фабрикасы іске қосылды. Атыраудағы құс фабрикасы – ең ірісі.

Жақында екінші құс қораның құрылысы аяқталатын болады, - деді Ә. Балжігітов. – 26 қазанда ол үшін балапандар әкелінеді. Осылайша, үш айдан кейін жұмыртқа шығаратын тауықтар 70 мыңға дейін жеткізілетін болады. «Еңбегі сіңген» тауықтар союға жіберіледі. Осылайша тауық етін күніне 163 келіге дейін өндіру жолға қойылатын болады. Қазір біз облыстың жұмыртқаға сұранысының үштен бір бөлігін жауып отырмыз. Алайда осы өнімнің кей бөлігін күн сайын Ақтауға жіберетіндігімізді ескерген жөн. Бүгінде ол жерде ең жоғары бағалар қойылған. Бізде неміс, итальяндық және голландық жабдықтар бар. 2014 жылдың басында біз облыстың бүкіл жұмыртқа өніміне сұранысын жаппақпыз. Бізде проблемалар бар. Біз 1 күндік балапандарды Ресейдің Свердлов облысынан сатып аламыз. Талдықорғаннан балапандар сатып алуға болатын еді, бірақ оларда балапан таситын көлік жоқ. Ал мемлекет балапандар Қазақстанда сатып алынған жағдайда ғана, олардың құнының жартысын төлейді.        

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2013, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.