Атырау облысында ұзақ мерзімді индустриялық-инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 35 ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл мәліметтерді облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов актив жиналысында мәлімдеді. Өткен жылы жалпы құны 10,6 млрд теңгеге 7 жобаны, 2014 жылы жалпы құны 17 млрд теңгедей болатын 5 жобаны аяқтау жоспарланған.
***
2014 жылы «Атырау» ӘКК желісі бойынша 5 инвестициялық жобалар жоспарланды: Махамбет ауданынан жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын, Атырау қаласынан фармацевтикалық зауыт, үй құрылысы комбинатын салу және Қызылқоға ауданынан тігін цехы мен ет павильонын ұйымдастыру. Бұлардың жалпы құны - 7,2 млрд теңге. Мұндағы «Атырау» ӘКК үлесі - 3 млрд теңге, қалғанын инвесторлар қаржыландырады.