Атырау, 23 желтоқсан 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Көне қала жәдігерлері Басқа жаңалықтар

Көне қала жәдігерлері

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мамыр айында Атырау қаласының іргесіндегі ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Жақында қалашықта БАҚ өкілдеріне арнап пресс тур ұйымдастырып, қазба жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Сурет 9 шілде 2019, 15:30 7 828 рет қаралды
Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында 6 жасар қыз көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында 6 жасар қыз көз жұмды

5 шілдеде таңғы сағат 04:40-да Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында (№2 облыстық аурухана) желшешектен 6 жасар қыз бала көз жұмды. Осыған орай, бүгін, 9 шілдеде денсаулық сақтау басқармасында брифинг өтті. 9 шілде 2019, 22:49 4 208 рет қаралды
Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша негізгі сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында – «АСА» КМК бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН. Олар әйнек қоршаудың ішінде емес, адвокаттардың жанында отырды (оларға тергеу және сот отырысы кезінде басқа жаққа шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған). Сурет Бейнежазба 8 шілде 2019, 14:55 4 109 рет қаралды
Атырауда вакуумдар қызметінің бағасы күрт өсті Басқа жаңалықтар

Атырауда вакуумдар қызметінің бағасы күрт өсті

Атыраудағы жеке сектор тұрғындары «Атырау Су Арнасы» КМК-нің 1 маусымнан бастап септиктерді вакууммен сору тарифінің көтерілгеніне риза болмады. Елді мекеннің ішінде 3,8 текше метр көлемдегі вакуумге тапсырыс беру 2 мыңнан 4,5 мың теңгеге дейін, елді мекеннен тыс – 3 мыңнан 7 мың теңгеге дейін; 10 текше метр көлемдегі вакуум – елді мекеннің ішінде 5 мыңнан 8 мың теңгеге дейін, елді мекеннен тыс – 6 мыңнан 10 мың теңгеге дейін қымбаттады. 8 шілде 2019, 15:33 3 324 рет қаралды
Атырау Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда Басқа жаңалықтар

Атырау Арысты қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда

Атырау облысы – Арыс қаласын қалпына келтіруге негізгі қатысушылардың бірі: үкімет біздің өңіріміз қаланың ең көп зардап шеккен бөлігі – жарылған әскери қоймадан 300 метр жерде орналасқан Көктем ықшамауданын қалпына келтіреді деп белгіледі. Сурет 8 шілде 2019, 15:55 4 286 рет қаралды
20 жылдан соң: Атыраудағы орталық көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі Басқа жаңалықтар

20 жылдан соң: Атыраудағы орталық көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде «Атырау қ. орталық көпірді күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу» тақырыбында ашық жиын түрінде қоғамдық тыңдау өтті. Жоба әзір, бірақ жұмыстардың басталу мерзімі қаржыға байланысты белгісіз болып отыр. Сурет 5 шілде 2019, 21:02 3 618 рет қаралды
«Атырау Су Арнасы» енді аудандарды да қамтиды Басқа жаңалықтар

«Атырау Су Арнасы» енді аудандарды да қамтиды

Құрманғазы, Исатай және Махамбет аудандарының елді мекендерінде су тазарту құрылғылары мен тарату құбырлары ағымдағы жыл соңына дейін «Атырау Су Арнасы» КМК балансына көшеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің тиісті қаулысы шыққанын «АЖ»-ға Атырау облыстық энергетика және ТКШ басқармасы бастығының орынбасары Асан НҰРҒАЛИЕВ хабарлады. Бұған дейін бұл кәсіпорын тек Мақат ауданына ғана қызмет көрсеткен еді. 4 шілде 2019, 12:26 3 170 рет қаралды
Жаңа үш ойыншы және Көкшетаудағы 3:0 Басқа жаңалықтар

Жаңа үш ойыншы және Көкшетаудағы 3:0

Трансферлік терезенің ашылуына байланысты «Атырау» футбол клубы үш спортшыны - екі сенегалдық пен бір ресейлік ойыншыны команда құрамына алды. Терезе жабылғанға дейін командаға келетін осы және басқа да жаңа ойыншылар чемпионаттың аутсайдерлері қатарынан шығуға көмектеседі деп үміттенеміз. Сурет 4 шілде 2019, 15:20 3 143 рет қаралды
Атырау мен басқа өңірлердегі қаржы пирамидасы  әшкереленді Басқа жаңалықтар

Атырау мен басқа өңірлердегі қаржы пирамидасы әшкереленді

Атырау облысының кейбір тұрғындары қаржылық пирамидадан опық жеген. Олар «UNNITY corporation» ЖШС-не ақшаларын салып, бірнеше айдан кейін байып кететіндеріне сенімді болған. Бірақ олай болмай шықты. 3 шілде 2019, 11:06 2 398 рет қаралды
Кімдердің борыш жүктемесі азайтылады? Басқа жаңалықтар

Кімдердің борыш жүктемесі азайтылады?

Кепілсіз тұтыну несиелері бойынша борыш жүктемесін азайту жөніндегі шараларды қажет ететін Атырау облысы тұрғындарының тізімін жасау жұмыстары басталды. Қарыз алушыларға ешқайда жүгінудің қажеті жоқ - белгіленген шартқа сай келетін адамдардың деректері уәкілетті органдардың деректер базасында бар. 3 шілде 2019, 12:39 2 869 рет қаралды
Қарияларға қызық керек Басқа жаңалықтар

Қарияларға қызық керек

Күнде таңертең жағалауда жүгіріп жүріп, орындықтарда әлденені қызу талқылап отырған қарияларды байқаймын. Тіпті, едәуір жерге ұзап кетсем де, «Саня балыққа дұрыс қармақжем алмапты, жасы келсе де, әлі күнге дейін балық аулаудың қыр-сырын білмейді» деген сияқты әңгімелері ап-анық естіліп жатады. 3 шілде 2019, 14:28 3 541 рет қаралды
Кейде олар қайтармайды Басқа жаңалықтар

Кейде олар қайтармайды

Соңғы кездері Атырауда велосипед ұрлығы жиілеп кетті. Тек маусым айының ішінде осындай 10-нан астам ұрлық тіркелді. Тұрғын үйлердің ауласына және подъездерге аз ғана уақытқа қалдырып кеткен велосипедтердің өзі қолды болады. Полиция іздеп тапқанымен, ұрланған мүлік иесіне қайтарылмайтын жағдайлар да кездеседі. 3 шілде 2019, 15:03 2 576 рет қаралды
«АЖ» тілшісі Ләззат Қаражанова Т. Амандосов атындағы сыйлықтың иегері атанды Басқа жаңалықтар

«АЖ» тілшісі Ләззат Қаражанова Т. Амандосов атындағы сыйлықтың иегері атанды

БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында қазақ журналистикасының негізін салушы профессор Тауман Амандосов атындағы Атырау облыс әкімі сыйлығының иегерлері анықталды. Бұрын жыл сайын өтетін байқау қазір екі жылда бір рет өткізіледі. 3 шілде 2019, 17:32 4 304 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев:  "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ірі мұнай компаниялары мен олардың мердігерлерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2 шілде 2019, 11:27 3 977 рет қаралды
Теңіз әзірге тыныш Басқа жаңалықтар

Теңіз әзірге тыныш

Әлеуметтік желілерде Теңіздегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 237 араб, 578 үнді және 780 Қытай азаматы елден шығарылып жатыр, ал олардың жұмыс орындарына қазақстандықтар тартылады деген ақпараттар пайда болды. Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысқан 23 қазақстандық әйел, Теңіз вахталық поселкесінде притон ұйымдастырғаны үшін тағы 12 қазақстандық жауапқа тартылады делінген. «Бұл жалған», - деді Атырау облысы әкімдігіндегілер. – Қазір мұндай ақпараттар көп, оларға назар аудармаған жөн». 2 шілде 2019, 11:47 3 241 рет қаралды
«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес Басқа жаңалықтар

«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес

Ұлттық экономика министрлігі барлық облыстан шаруа қожалықтарындағы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға, содан соң оны делдалдарсыз тұрғындарға төменгі маржамен сатуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын (КТО) ашу жоспарын жариялады. Ал Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол ҚАБДЕШОВТІҢ айтуынша, біздің өңірде КТО салынбайды. Өйткені бізде осындай қызмет атқаратын «Сарайшық» коммуналдық базары бар. 2 шілде 2019, 12:37 3 072 рет қаралды
Теңіздегі тәртіпсіздіктер барысында 45 адам зардап шекті Басқа жаңалықтар

Теңіздегі тәртіпсіздіктер барысында 45 адам зардап шекті

Бүгін, 2 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Энергетика министрінің орынбасары Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ жақында Теңізде болған тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер саны - 45 адам екенін мәлімдеді. 2 шілде 2019, 15:04 2 212 рет қаралды
Жылу ақысы артық төленген Басқа жаңалықтар

Жылу ақысы артық төленген

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті өткен жылу беру маусымындағы нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, жылумен қамту қызметтерінің құнын қайта есептеді. Нәтижесінде Атырау облысының жылумен қамтушы 7 ұйымы тұтынушыларға 12 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді. 2 шілде 2019, 15:39 2 326 рет қаралды
ҚМГ спартакиадасы: Атырауда өткен жарыс Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды Басқа жаңалықтар

ҚМГ спартакиадасы: Атырауда өткен жарыс Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасында ұйымдастырылған спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңі өтті.  PR Сурет 2 шілде 2019, 16:21 3 592 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 1 шілде 2019, 12:37 4 124 рет қаралды
Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore" (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам Теңізде болған оқиға үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Бейнежазба 1 шілде 2019, 14:34 4 048 рет қаралды
Қауіпті аттракцион Басқа жаңалықтар

Қауіпті аттракцион

Қарағандыда күшті жел салдарынан ойын батуты аударылып, бүлдіршін мерт болғаннан кейін бүкіл елде мәжілістер өткізіліп,  тексеру жұмыстары басталып кетті.  Атырауда да техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб бас қосты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі бойынша аттракциондарға қойылатын талаптар. 1 шілде 2019, 14:57 2 138 рет қаралды
Теңізде жаппай тәртіпсіздік орын алды Басқа жаңалықтар

Теңізде жаппай тәртіпсіздік орын алды

29 маусымда Теңіз кенішінде FGP 3-буын зауытының құрылыс алаңында қазақстандық жұмысшылар арасында наразылық толқыны орын алды. Тәртіпсіздік барысында бірнеше шетелдік, негізінен, арабтар зардап шекті. Бейнежазба 30 маусым 2019, 12:19 6 151 рет қаралды