ҚР премьер-министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы қаулысына сәйкес, Махамбет ауданының Алмалы мен Береке ауылдары әкімшілік аумақ бойынша Атырау қаласына қосылды.
Тиісінше мұнайлы астананың алаңы (ауылдар мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің аумағы) 7145 гектарға кеңейді.
Атырау әкімдігінің мәліметтері бойынша, бүгін Алмалыда екі мыңнан астам, Берекеде бір мыңнан астам адам тұрады.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор