Атырау, 24 қараша 17:12
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оза шапқандар да, артта қалғандар да жоқ

2 535 просмотра


Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу 26 маусымда аяқталды.  Талапкерлерді аудиториядан шығаратындай оқиғалар мен төтенше жағдайлар тіркелмеді.

- Қазіргі уақытта ҰБТ нәтижелері мектеп, аудандар мен облыстардың рейтингіне әсер етпейді. Осыған байланысты біз көп балл жинаған, сондай-ақ, тестілеуден өтпеген талапкерлердің санын ертерек анықтауға мүмкіндік беретін сүзгілерді пайдаланудан бас тарттық. Облыстар бойынша орташа балл да көрінбейді. Тек біздің тестілеу орталығында 1874 талапкердің ҰБТ-дан өткенін, тестілеу кезінде ешқандай тәртіп бұзушылық болмағанын ғана айта аламыз, - дейді Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ жанындағы ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Облыстық білім беру басқармасының өкілдері мұны дұрыс деп есептеп, дәлелдер келтірді. Бұрын ҰБТ мектептен алған білім қорытындысы бойынша аттестация мен жоғарғы оқу орнына қабылдау емтиханын білдіретін. Оны бүкіл мектеп түлектері тапсыруға міндетті болып, осылайша, көрініс толық қамтылатын. Енді ҰБТ-ға қатысу ерікті іс. Түлектердің бір бөлігі оны елемейтіндіктен, оның нәтижелері бойынша мектептегі дайындық деңгейі туралы қорытынды жасауға болмайды, - деп есептейді мұғалімдер. Ата-аналар мен түлектер өту баллын жинай алмаған талапкерлердің тамыз айында ҰБТ-ны қайта тапсыра алатындығына дән риза. Бірақ ол кезде грант ала алмайды.

Соңғы жылдары талапкерлердің «экономика» мен «құқықтану» мамандықтарына жаппай тапсыру бағыты байқалмайды. Бірақ орталықтағылар қазіргі кезде түлектер көп таңдайтын бағыттарды атауға қиналды. Өйткені, ережеге сәйкес, қазіргі талапкерлер мамандықты емес, бағытты, яғни, бейіндік пәндерді таңдайды.  Тіпті, оларды да алдын ала көрсетпейді, ҰБТ өтетін күні ғана таңдауына болады. Атыраулық талапкерлер көбінесе «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету», «Ветеринария», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Білім беру» бағыттары бойынша 21 мамандыққа грант алуға мүмкіндік беретін биология-химияны; сондай-ақ, «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Жаратылыстану ғылымдары», «Білім беру», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыттары бойынша 52 мамандықтың бірін таңдауға болатын математика-физиканы таңдайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 шілде 2019, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.