Атырау, 24 қараша 17:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚМГ спартакиадасы: Атырауда өткен жарыс Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды

PR Сурет
3 399 просмотра

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасында ұйымдастырылған спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңі өтті. 

Екі күнге созылған додада «Ембімұнайгаз» АҚ командасынан басқа «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Argymak Trans Service», «Тұлпар Мұнай Сервис», «Технологиялық бақылау және ұңғымаларға қызмет көрсету» (ТБжҰҚК) компанияларынан 200-дей спортшы жарыс алаңына шықты.

Сегіз спорт түрінен, атап айтсақ, кіші футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзуден жарыстар облыс орталығындағы төрт спорттық нысанда өтті. Қызықты да тартысқа толы турнирге қатысушыларды «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков қошеметпен қарсы алып, алғысын білдірді.

- Бұл жарыс дәстүрге айналды. Себебі, бұл жарыс жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің корпоративті рухын өсіріп, әріптестер арасында ауызбіршілік пен достықты қалыптастырады. Биыл бұл спартакиада  Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналып отыр. Өздеріңіз білесіздер, қазақ мұнайының тарихы Атырау жеріндегі Қарашүңгіл кен алаңында мұнайдың атқылауынан басталды. 120 жылдық мерейтой қарсаңында сіздермен кездескеніме қуаныштымын, - деп атап өтті ол.


Спартакиаданың іріктеу кезеңі төмендегі нәтижелермен аяқталды:

Үстел теннисі (ерлер):

І орын – Талап БАРБОЛОВ,  «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС ;

Үстел теннисі (әйелдер):

І орын – Марина КИМ,  «Қазгермұнай» БК» ЖШС;


Тоғызқұмалақ (ерлер):

І орын –Бекнұр ҒАБДЫРАСЫЛҰЛЫ, «Қаражанбасмұнай» АҚ;

Тоғызқұмалақ (әйелдер):

І орын – Бейбітгүл ӘБДІРАЗМАНОВА,  «Қазгермұнай» БК» ЖШС;


Армрестлинг (ерлер, -80 кг):

І орын – Ерхан КЕЛДІБАЙҰЛЫ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС;

Армрестлинг (ерлер, +80 кг):

І орын – Бахтияр ТӨЛЕУБАЕВ, «Қаражанбасмұнай» АҚ;

Армрестлинг (әйелдер, -65 кг):

І орын – Қарашаш УМИРЗАКОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ;

Армрестлинг (әйелдер, +65 кг):

І орын – Майра АМАНОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ;


Жүзу (ерлер, 100 м):

І орын – Гани ЧАЛАБАЕВ,  «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС;

Жүзу (әйелдер, 50 м):

І орын – Елена ТУБАКИНА,  «Қазгермұнай» БК» ЖШС;


Шахмат (ерлер):

І орын – Ерлан ҚАСЫМХАНОВ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС;

Волейбол (ерлер):

І орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;

Волейбол (әйелдер):

І орын – «Ембімұнайгаз» АҚ құрама командасы;


Баскетбол:

І орын – «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрама командасы;

Кіші футбол:

І орын – «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрама командасы;


Барлық жүлдегерлер диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, жүлделі І орынды иемденген қызметкерлер ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында өтетін финалдық кезеңге қатысады.



2 шілде 2019, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған