3 шілде күні қатты желдің салдарынан Бесікті елді мекеніндегі «Тұлпар» лагерінің шатыры ұшып кетті. Осында демалып жатқан 150-ге жуық бала қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер жоқ.
Бастапқыда лагердің шатыры ұшып, артынша жауған жаңбырдың салдарынан балалардың жатын бөлмесіне су кетіп, жарық өшіп, су тоқтап қалған. Атыраудан, Махамбет және Исатай аудандарынан келген демалушылар арнайы көлікпен ауылдарына жеткізілсе, ал шалғайдағы Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы ауданынан келген 51 бала «Дарын» мектебінің жатақханасына түнеп шығып, үйлеріне жетті.
«Тұлпар» лагері басшылығының мәлімдеуінше, қазір тез арада шатырды қалыпқа келтіріп, 10-шы шілдеден бастап үшінші топты қабылдауға жұмыстануда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
"БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы ұсынған суреттер