Атырау, 24 қараша 17:06
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылу ақысы артық төленген

2 188 просмотра


Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті өткен жылу беру маусымындағы нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, жылумен қамту қызметтерінің құнын қайта есептеді. Нәтижесінде Атырау облысының жылумен қамтушы 7 ұйымы тұтынушыларға 12 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді.

Атап айтқанда, «Атырау ЖЭО» АҚ 8,8 млн теңге, «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет ету» ЖШС 3 млн теңгедей қайтарады. Төлемдер алдағы жылу беру маусымынан бастап көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде қайта есептеу арқылы қайтарылады. Ортақ жылу есептегіш құралдарға көшкен кезде тұтынушылар нақты тұтынылған жылу энергиясының көлемі үшін ғана төлейді. Тиісінше, қайта есептеуге қажеттілік болмайды, - деп түсіндірді департамент.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

2 шілде 2019, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.