Атырау, 24 қараша 17:39
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа үш ойыншы және Көкшетаудағы 3:0

Сурет
2 944 просмотра

Малик МАНЕИсламнур АБДУЛАВОВБубакар МАНСАЛИ


Трансферлік терезенің ашылуына байланысты «Атырау» футбол клубы үш спортшыны - екі сенегалдық пен бір ресейлік ойыншыны команда құрамына алды. Терезе жабылғанға дейін командаға келетін осы және басқа да жаңа ойыншылар чемпионаттың аутсайдерлері қатарынан шығуға көмектеседі деп үміттенеміз.

Румыниялық «Динамо» және «Астра», түріктің «ББ Эрзурумспор» командаларында ойнаған 30 жастағы жартылай қорғаушы Бубакар МАНСАЛИ - француздық «Сен-Этьен» командасының шәкірті.

30 жастағы шабуылшы Малик МАНЕ Норвегия, Швеция, Қытай және Сауд Арабиясы елдерінің командаларында ойнаған. 2011 жылы Қазақстанға («Ақтөбе», «Тараз», «Ақжайық») келді, Қазақстан Премьер-Лигасында 37 гол соққан. 25 жастағы шабуылшы Исламнур АБДУЛАВОВ әр жылда ресейлік «Анжи», «Уфа», «Томь» және «Ротор» командаларының намысын қорғаған.

Клуб шәкірті - 26 жастағы жартылай қорғаушы Айбар НҰРЫБЕКОВ «Атырау» командасынан кетті. 2011 жылы ФК-мен келісімшартқа қол қойған ол 96 матч өткізіп, 5 голмен көзге түсті, екі рет Қазақстан Кубогында финалға шықты.

Ал чемпионат өз кезегімен жалғасып жатыр. 30 маусымда «Атырау» Көкшетауда «Оқжетпеспен» кездесіп, 0: 3 есебімен ұтылды. Команда бұрынғысынша турнир кестесінде соңғы орындарда тұр. Келесі матчты талдықорғандық «Жетісумен» өз алаңында сенбі, 6 шілдеде сағат 19.00-де өткізеді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

«Атырау» ФК жолдаған сурет

4 шілде 2019, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.