«Атырау қаласындағы ит пен мысықтарды ұрықсыздандыру қызметтері» жобасының іске аспай қалатын сыңайы бар.
Атырауда қаңғыбас иттерді жою үшін күні кешеге дейін улы найзамен ататын қару қолданылды. Алайда жергілікті жұртшылық қаңғыбас иттердің көзін құртпау үшін салыстырмалы түрде ізгі әдіс ұсынған еді. Қалалық әкімдік пилоттық бағдарлама бойынша 5 млн теңге көлемінде жобаны қаржыландыруды қолға алды. Алайда бюджеттен төленетін бұл жұмыспен айналысқысы келгендер табылмады.
- Біз бұдан бұрын бір рет тендер өткізу туралы хабарландыру жарияладық, ниет білдірушілер болған жоқ. Енді қайта жариялап отырмыз, - дейді қалалық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек ӘБІЛҒАЗИЕВ. – Тендерге қатысу үшін лицензия мен операция жасайтын барлық жағдай керек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ