Атырау, 24 қараша 20:11
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандырады

2 715 просмотра


Атырауда көбейіп кеткен қаңғыбас иттердің проблемасын оларды ату арқылы шешетін, бұл қоғамдық пікірдің қарама-қайшы реакциясын тудырды. Еріктілердің ерен еңбектерінен соң, бұқаралық ақпарат құралдарында әлденеше рет жарияланғаннан кейін бұл іс орнынан қозғалды: кешікпей Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандыру бойынша пилотты жоба іске қосылады. 

Бұл туралы Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ Азаматтық кеңес мүшелерімен кездесуі барысында белгілі болды. Әкімнің айтуынша, «Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымына қатысушылар популяцияны азайтудың анағұрлым адамгершілікке тән тәсілін қолдану ұсынысымен жүгінген. 

- Алдымен жобаны пилотты режимде іске қосамыз, мұның қалай жұмыс істейтінін көреміз, - деді Құттымұратұлы. – Егер нәтиже болса, тұрақты негізде енгіземіз. Оның үстіне, уақыт өте келе ұрықсыздандыру қала аумағында үй жануарларын сәйкестендіру есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай әдіс Астана мен Алматыда көптен бері қолданылып келеді.

Қалалық бюджеттен осы мақсатқа 5 миллион теңге бөлінеді. Қалалық мәслихаттың шешімі шыққаннан кейін әкімдік қаладағы ветеринариялық емханалар арасында қаңғыбас иттерді піштіру қызметін көрсететін ашық электрондық конкурс жариялайды, - деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Әзірге мұның бәрі жоспарда, бірақ бәрі үйлесіп кетеді деген үміттемін. Бұл күнге де жеттік, - деп қуанышын жасырмады «Мейірімді жүрек» тобының еріктісі Альфия ОҚАШЕВА.

Тек өткен жылы Атырау мен қала маңында 12 мыңдай мысық пен ит жойылды.

Анастасия АЛЮШИНА

27 ақпан 2019, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.