- Ұрыларды іздеу кезінде подъездерге орнатылған бейнекамералардың рөлі зор. Олардың көмегімен 29 және 25 жастағы екі күдікті ұсталды. Ұсталғандардың 11 велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ұрылар кездейсоқ жүргіншілерге мүліктердің көбін сатып та үлгерген. Мәселен, зардап шегуші 110 мың теңгеге бағалап отырған «Stels» маркалы велосипед қала тұрғынына 5 мың теңгеге сатылған. Бүгінде полиция 4 велосипедті тәркіледі, - деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Табылған велосипедтерді иелеріне қайтарған кезде полицейлер олардың құжатын сұрайды. Бұл әрекеттері қисынды-ақ. Бірақ менің әріптесімнің басынан келеңсіз жағдай өтті. Былтыр 120 мың теңгеге сатып алған велосипедін подъезден ұрлап кетіпті. Полицияға шағымданып, тәртіп сақшылары ұрланған мүлікті тез тауып алған. Бірақ... мүлікті қайтарудан бас тартқан. Әріптесім велосипедтің суреті мен құжаттарын көрсетіпті. Сөйтсе, дүкен сатушысы құжатта бір цифрды қате жазып жіберген екен. Тіпті, сатушы сол велосипедті сол адамның өзінен сатып алғанын растаған. Бірақ одан пайда болмапты. Қызық, енді оны кім теуіп жүр екен...
Фархат ӘБІЛОВ