Атырау, 24 қараша 13:06
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тарифтер сәл төмендеді

2 604 просмотра


26 маусымда Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті биылғы 1 тамыздан бастап «Атырау Су Арнасы» КМК қызметіне бір жыл мерзімге уақытша өтемақы тарифін енгізу туралы бұйрық шығарды.

Тарифтер су бойынша тұрғындарға бір текше метр үшін 92,63 теңгеге дейін (бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген), басқа тұтынушылар үшін – бір текше метрге 297,62 теңгеге дейін; кәріз бойынша тұрғындар үшін 1 текше метрге 32 теңгеге дейін, басқалары үшін - 1 текше метрге 150,95 теңгеге дейін төмендетілді.

Департаменттің бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Жанар ДӘРІБАЕВАНЫҢ айтуынша, су мен кәріз бойынша тарифтер тұтынушылардың барлық санаттары бойынша аз ғана мөлшерде төмендетілген. Осылайша «Атырау Су Арнасы» КМК тарифтік сметаны сақтамағаны үшін жазаланды.

Ал осындай заң бұзушылық үшін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап бір жыл мерзімге «Атырау Су Арнасы» КМК үшін енгізілген уақытша өтемақы тарифінің қолданыс мерзімі әлі аяқталған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.