Атырау, 22 желтоқсан 17:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Әкімдік бұрынғы қалалық саябақтың аумағын мемлекет меншігіне қайтару үшін соттасып жатыр Атырауда

Әкімдік бұрынғы қалалық саябақтың аумағын мемлекет меншігіне қайтару үшін соттасып жатыр

Қала билігі осы аумақтың бұрынғы иелерінің арасындағы жер телімін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 29 қаңтар 2024, 11:14 1 050 рет қаралды
Балық, торлар және үш мотоцикл Оқиға

Балық, торлар және үш мотоцикл

2024 жылдың 25 қаңтарында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері браконьерліктің жолын кесу мақсатында рейд жүргізді. Бұл жолы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Иголкинский каналы маңындағы Птичий учаскесінде Бөкейхан ауылының үш тұрғыны басқарған мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоцикл ұсталды. Сурет 27 қаңтар 2024, 20:21 1 326 рет қаралды
Атырауда құжатын көрсетуден бас тартқан жүргізушіге кісен салынды Оқиға

Атырауда құжатын көрсетуден бас тартқан жүргізушіге кісен салынды

Әлеуметтік желіде мынадай видео тарады: көлікте қолына кісен салынған азамат отыр, қасында полицей бар. Олар өзара әңгімесінде былай дейді: «Неге маған қылмыскер секілді кісен салынды? Бұл сақтандыру құжатының ;жоқтығынан ба?" Полиция қызметкерінің жауабына сүйенсек, сұрақ қойған азамат заң талаптарына бағынбағанын түсінуге болады. Пікір қалдырушылардың пайымдауынша, кісен салынған ер адам Атырау қаласының тұрғыны. 26 қаңтар 2024, 08:05 1 370 рет қаралды
​Атырауда күдіктілерден 300 есірткі дозасы тәркіленді Атырауда

​Атырауда күдіктілерден 300 есірткі дозасы тәркіленді

Атырау облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барсында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі (закладка) арқылы сатумен айналысады деген күдікпен 25 пен 22 жастағы Астана қаласының және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады. Бейнежазба 25 қаңтар 2024, 09:32 834 рет қаралды
Сот блогер Рүстем Баязиевті қамаққа алуға қатысты түсінік берді Атырауда

Сот блогер Рүстем Баязиевті қамаққа алуға қатысты түсінік берді

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Р.Баязиевке қатысты ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 25 қаңтар 2024, 12:43 1 353 рет қаралды
Жоғалған адамның денесі табылды Оқиға

Жоғалған адамның денесі табылды

24 қаңтарда Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтарда жоғалып кеткен Жылыой ауданы тұрғынының денесін тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 25 қаңтар 2024, 17:48 1 427 рет қаралды
Теңіз ауылында электр бағаналары жаңартылды Атырауда

Теңіз ауылында электр бағаналары жаңартылды

Жаңартылған бағананың барлығы - 120 дана, онымен қоса электр желілері және трансформаторлық қосалқы станциясы толық ауыстырылды, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 24 қаңтар 2024, 08:28 577 рет қаралды
Теңіздегі мұнай төгіндісіне қатысты іс тергеліп жатыр Мұнай және газ

Теңіздегі мұнай төгіндісіне қатысты іс тергеліп жатыр

Теңіз кен орнында 50 текше метр мұнайдың (бір вагон) төгілуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Атырау облысы бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, Жылыой аудандық полиция бөлімінің қарауында жатқанын хабарлады. 24 қаңтар 2024, 11:39 886 рет қаралды
Макс Боқай: «Олар мені жіпсіз байлауға тырысып отыр» Атырауда

Макс Боқай: «Олар мені жіпсіз байлауға тырысып отыр»

Танымал атыраулық белсенді Макс БОҚАЙ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабын («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») және 480-бабын («Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу») бұзды деген айыппен сотқа тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ескерту туралы қаулы шығарылды. 17 қаңтар 2024, 11:43 1 541 рет қаралды
Махамбет аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Атырауда

Махамбет аудандық сотының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі. 16 қаңтар 2024, 22:01 1 397 рет қаралды
Мақат аудандық сотының судьясы таныстырылды Атырауда

Мақат аудандық сотының судьясы таныстырылды

2024 жылдың 11 қаңтарында Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова және Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева Атырау облысы Мақат аудандық сотында жұмыс сапарымен болып, ұжымға және аудан активіне жаңа судьяны таныстырды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет 12 қаңтар 2024, 12:46 1 759 рет қаралды