Атырау, 25 қыркүйек 18:29
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Ұлытау облысында газдандыру мәселесі шешілді

872 просмотра
Сурет: freepik.com

Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары Агенттіктің аумақтық Департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін газбен жабдықтауға қосылған, деп хабарлайды қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы талап еткен.

Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының  сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.

2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне көк отын жеткізілді.

12 қаңтар, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.