Атырау, 25 қараша 19:58
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық, торлар және үш мотоцикл

Сурет
1 184 просмотра

2024 жылдың 25 қаңтарында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері браконьерліктің жолын кесу мақсатында рейд жүргізді. Бұл жолы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Иголкинский каналы маңындағы Птичий учаскесінде Бөкейхан ауылының үш тұрғыны басқарған мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоцикл ұсталды.

Мотоциклдерді тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 155 келі болатын 3 қапшыққа салынған қара балықтар (сазан, ақмарқа, шортан, мөңке), сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдары – 3 тор және сүймен табылды.

Оқиға орнына Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тәртіп бұзушылар ұсталған жерде процессуалдық іс-шаралар жүргізілді.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы негізінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Балық ресурстарына келтірілген шығын алдын ала жорамал бойынша 786 мың 950 теңгені құрайды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қаңтар, 20:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.