Атырау, 25 желтоқсан 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сот блогер Рүстем Баязиевті қамаққа алуға қатысты түсінік берді

973 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Р.Баязиевке қатысты ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылғы 10 қаңтарда азамат Б. сот залына іске қатысушылардың соңынан ұялы телефонмен баса көктеп кіріп, судьяға жақындап, «маймыл қайда?», «маймылды көрген жоқсыз ба?» деп сұрап, сотта белгіленген қағидаларды бұзып, судьяның ескертуіне құлақ аспай, өз әрекетімен сотты және судьяны құрметтемей, дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан.

Баязиевтің кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың жазбаша түсіндірмесімен расталады.

ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінің санкциясында ескерту жасау не 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жаза құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқықбұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жеке басы, құқық бұзушылықтың сипаты ескеріле отырып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

25 қаңтар, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.