Атырау, 11 қазан 07:49
 дождьВ Атырау +11.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жоғалған адамның денесі табылды

1 678 рет қаралды

24 қаңтарда Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтарда жоғалып кеткен Жылыой ауданы тұрғынының денесін тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

39 жастағы ер адамды іздеу 15 күнге созылды. Ресми мәлімет бойынша, ол 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалған күні ер адам ұялы телефоны арқылы анасына қоңырау шалып, зират маңында адасып кеткенін айтқан.Денесі шамамен соңғы қоңырау шалынған аумақтан табылған.

Қазіргіуақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айнұр САПАРОВА

25 қаңтар 2024, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.