Атырау, 25 қыркүйек 16:25
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Криптовалютаны заңсыз айырбастағандарға үкім шықты

382 просмотра
freepik.com

ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. 

Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5% - ға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді.

Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз.

17 қаңтар, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.